Accessibility links

Екатеринбургте қырғыз диаспорасының жетекшісін атып кеткен


Екатеринбург қаласы.
Екатеринбург қаласы.

Ресейдің Екатеринбург қаласында белгісіз біреулер жергілікті қырғыз диаспорасының жетекшісі Камчыбек Каримовті атып кеткен. Бұл ақпаратты Қырғызстан билігі хабарлады.

Ресейдегі Қырғызстан елшілігінің өкілі Гулбарчын Байымбетова Каримовтің көз жұмғанын растап, елшілік оқиғаның мән-жайын зерттеп жатыр деді.

Екатеринбургте тұратын Жалпыресейлік қырғыз конгресінің мүшесі Мармырза Болотбековтің айтуынша, Каримовті өзі тұрған көп пәтерлі тұрғын үйде 2 шілдеде түстен кейін атып кеткен.

Ресейдің тергеу комитетінің басқарма өкілі Александр Шульга қырғыз диаспорасы жетекшісінің өлімін ұрлық-қарлықпен байланыстырды. Оның айтуынша, дәл сол күні Каримовтің сөмкесінде шамамен 19 миллион рубль (300 мың доллар) болған. Шабуылдаушылар ақша толы сөмкені алып кетуге тырысқанмен бұған Каримов маңайында жүрген адамдар бөгет болған. Тұрғындар атылған оқтың дыбысын ести сала оқ тиген адамның жанына жүгіріп барған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG