Accessibility links

Бас прокуратура 6 шілдеде заңсыз митингіге шыққандар "жазаланатынын" ескертті

Алматы көшесінде жүрген полиция. 9 маусым 2019 жыл.

Қазақстан Бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев ел тұрғындарын 6 шілдеде митингіге қатыспауға шақырды. Оның үндеуі 4 шілдеде Бас прокуратура сайтында жарияланды.

Дембаевтың сөзінше, "әлеуметтік желілерде 6 шілдеде рұқсат етілмеген митингілерді ұйымдастыруға және қатысуға шақырған арандату жазбалар тарап жатыр".

Ол "бұл үгіт-насхиатты жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыруға әрі елдегі жағдайды тұрақсыздандыру әрекеті" деді. Дембаевтың сөзінше, 6 шілдеде полиция қандай да бір заңсыз іс-әрекет болса, жолын кеседі.

Бұл үндеу Қазақстанда қызметіне тыйым салынған ҚДТ (Қазақстан демократиялық таңдауы қозғалысы - ред.) ұйымының жетекшісі, қуғындағы банкир Мұхтар Әблязовтың әлеуметтік желі арқылы тұрғындарды 6 шілде Астана күні (мереке Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келеді) митингіге шақырып жатқан сәтте жарияланды. Бұған дейін де Әблязов бірнеше рет халықты митингіне шақырған және сол кезде де бас прокуратура осындай мәлімдеме тараитқан.

Соңғы рет Бас прокуратура қазақстандықтарға 9 маусым президент сайлауы қарсаңында митингіге шықпау туралы ескерту жасаған. Бірақ сол күні Алматыда, Нұр-Сұлтанда мыңнан астам адам билікке, сайлауға қарсы жаппай наразылыққа шыққан. Наразы халық сайлаудың әділдігіне күмән келтіріп, Астана атауын Нұр-сұлтан деп өзгертуге қарсы болған.

Алматыда полиция сайлауға қарсы шыққандарды қалай ұстады?

Алматыдағы "Астана" алаңында сайлауға қарсы шыққан екі жүзден астам адам жиналып, "бойкот", "масқара" деп айғайлады. Оларды полиция жаппай ұстай бастады. Алматы, 9 маусым 2019 жыл. 
1/12 Алматыдағы "Астана" алаңында сайлауға қарсы шыққан екі жүзден астам адам жиналып, "бойкот", "масқара" деп айғайлады. Оларды полиция жаппай ұстай бастады. Алматы, 9 маусым 2019 жыл. 
9 маусымда Алматыдағы "Астана" алаңында полиция жүзге жуық адамды ұстады. Алаңға жиналған жүздеген адам кезектен тыс президент сайлауына қарсы шықты. Алаңда тұрған полиция мен арнайы жасақ "Бойкот", "Масқара" деп айғайлап тұрғандарды шетінен ұстап әкетті. Полиция ұсталғандарды Бостандық аудандық полиция бөлімшесіне апарғаны хабарланды.
Арнайы жасақ "Астана" алаңында наразылыққа шыққан тұрғынды ұстаған сәт. Алматы, 9 маусым 2019 жыл. 
2/12 Арнайы жасақ "Астана" алаңында наразылыққа шыққан тұрғынды ұстаған сәт. Алматы, 9 маусым 2019 жыл. 
9 маусымда Алматыдағы "Астана" алаңында полиция жүзге жуық адамды ұстады. Алаңға жиналған жүздеген адам кезектен тыс президент сайлауына қарсы шықты. Алаңда тұрған полиция мен арнайы жасақ "Бойкот", "Масқара" деп айғайлап тұрғандарды шетінен ұстап әкетті. Полиция ұсталғандарды Бостандық аудандық полиция бөлімшесіне апарғаны хабарланды.
Алаңдағы көрініс. Алматы, 9 маусым 2019 жыл.
3/12 Алаңдағы көрініс. Алматы, 9 маусым 2019 жыл.
9 маусымда Алматыдағы "Астана" алаңында полиция жүзге жуық адамды ұстады. Алаңға жиналған жүздеген адам кезектен тыс президент сайлауына қарсы шықты. Алаңда тұрған полиция мен арнайы жасақ "Бойкот", "Масқара" деп айғайлап тұрғандарды шетінен ұстап әкетті. Полиция ұсталғандарды Бостандық аудандық полиция бөлімшесіне апарғаны хабарланды.
Азаттық тілшісінің хабарлауынша, алаңда полиция мен арнайы жасақтың қарасы көп. Алматы, 9 маусым 2019 жыл.
4/12 Азаттық тілшісінің хабарлауынша, алаңда полиция мен арнайы жасақтың қарасы көп. Алматы, 9 маусым 2019 жыл.
9 маусымда Алматыдағы "Астана" алаңында полиция жүзге жуық адамды ұстады. Алаңға жиналған жүздеген адам кезектен тыс президент сайлауына қарсы шықты. Алаңда тұрған полиция мен арнайы жасақ "Бойкот", "Масқара" деп айғайлап тұрғандарды шетінен ұстап әкетті. Полиция ұсталғандарды Бостандық аудандық полиция бөлімшесіне апарғаны хабарланды.
Полиция ұсталған наразыны көлікке күштеп отырғызып жатыр. Алматы, 9 маусым 2019 жыл.
5/12 Полиция ұсталған наразыны көлікке күштеп отырғызып жатыр. Алматы, 9 маусым 2019 жыл.
9 маусымда Алматыдағы "Астана" алаңында полиция жүзге жуық адамды ұстады. Алаңға жиналған жүздеген адам кезектен тыс президент сайлауына қарсы шықты. Алаңда тұрған полиция мен арнайы жасақ "Бойкот", "Масқара" деп айғайлап тұрғандарды шетінен ұстап әкетті. Полиция ұсталғандарды Бостандық аудандық полиция бөлімшесіне апарғаны хабарланды.
Vlast.kz сайтының хабарлауынша, арнайы жасақ ұсталғандарды полиция департаментіне апарып жатыр. Алматы, 9 маусым 2019 жыл.
6/12 Vlast.kz сайтының хабарлауынша, арнайы жасақ ұсталғандарды полиция департаментіне апарып жатыр. Алматы, 9 маусым 2019 жыл.
9 маусымда Алматыдағы "Астана" алаңында полиция жүзге жуық адамды ұстады. Алаңға жиналған жүздеген адам кезектен тыс президент сайлауына қарсы шықты. Алаңда тұрған полиция мен арнайы жасақ "Бойкот", "Масқара" деп айғайлап тұрғандарды шетінен ұстап әкетті. Полиция ұсталғандарды Бостандық аудандық полиция бөлімшесіне апарғаны хабарланды.
Алаңда жүрген Азаттық тілшісі полиция бірнеше адамды бір уақытта ұстап әкеткенін көрген. Алматы, 9 маусым2019 жыл.
7/12 Алаңда жүрген Азаттық тілшісі полиция бірнеше адамды бір уақытта ұстап әкеткенін көрген. Алматы, 9 маусым2019 жыл.
9 маусымда Алматыдағы "Астана" алаңында полиция жүзге жуық адамды ұстады. Алаңға жиналған жүздеген адам кезектен тыс президент сайлауына қарсы шықты. Алаңда тұрған полиция мен арнайы жасақ "Бойкот", "Масқара" деп айғайлап тұрғандарды шетінен ұстап әкетті. Полиция ұсталғандарды Бостандық аудандық полиция бөлімшесіне апарғаны хабарланды.
Алматы полиция департаменті мен ішкі істер министрлігі ұстауларға қатысты мәлімдеме жасаған жоқ. 
8/12 Алматы полиция департаменті мен ішкі істер министрлігі ұстауларға қатысты мәлімдеме жасаған жоқ. 
9 маусымда Алматыдағы "Астана" алаңында полиция жүзге жуық адамды ұстады. Алаңға жиналған жүздеген адам кезектен тыс президент сайлауына қарсы шықты. Алаңда тұрған полиция мен арнайы жасақ "Бойкот", "Масқара" деп айғайлап тұрғандарды шетінен ұстап әкетті. Полиция ұсталғандарды Бостандық аудандық полиция бөлімшесіне апарғаны хабарланды.
Полиция алаңға келгендердің бірін әкетіп барады. Ұсталғандар арасында Азаттық тілшісі Петр Троценко мен Vlast.kz журналисі бар. Алматы, 9 маусым 2019 жыл.
9/12 Полиция алаңға келгендердің бірін әкетіп барады. Ұсталғандар арасында Азаттық тілшісі Петр Троценко мен Vlast.kz журналисі бар. Алматы, 9 маусым 2019 жыл.
9 маусымда Алматыдағы "Астана" алаңында полиция жүзге жуық адамды ұстады. Алаңға жиналған жүздеген адам кезектен тыс президент сайлауына қарсы шықты. Алаңда тұрған полиция мен арнайы жасақ "Бойкот", "Масқара" деп айғайлап тұрғандарды шетінен ұстап әкетті. Полиция ұсталғандарды Бостандық аудандық полиция бөлімшесіне апарғаны хабарланды.
Полиция ұсталғандарды күштеп көлікке салып жатыр. Алматы, 9 маусым 2019 жыл.
10/12 Полиция ұсталғандарды күштеп көлікке салып жатыр. Алматы, 9 маусым 2019 жыл.
9 маусымда Алматыдағы "Астана" алаңында полиция жүзге жуық адамды ұстады. Алаңға жиналған жүздеген адам кезектен тыс президент сайлауына қарсы шықты. Алаңда тұрған полиция мен арнайы жасақ "Бойкот", "Масқара" деп айғайлап тұрғандарды шетінен ұстап әкетті. Полиция ұсталғандарды Бостандық аудандық полиция бөлімшесіне апарғаны хабарланды.
7 маусымда Қазақстан бас прокуратурасы азаматтарды 9-10 маусымда заңсыз митингіге шықпауға шақырып, қатысқандардың "жауапқа тартылатынын" ескерткен. 
11/12 7 маусымда Қазақстан бас прокуратурасы азаматтарды 9-10 маусымда заңсыз митингіге шықпауға шақырып, қатысқандардың "жауапқа тартылатынын" ескерткен. 
9 маусымда Алматыдағы "Астана" алаңында полиция жүзге жуық адамды ұстады. Алаңға жиналған жүздеген адам кезектен тыс президент сайлауына қарсы шықты. Алаңда тұрған полиция мен арнайы жасақ "Бойкот", "Масқара" деп айғайлап тұрғандарды шетінен ұстап әкетті. Полиция ұсталғандарды Бостандық аудандық полиция бөлімшесіне апарғаны хабарланды.
Елде тыйым салған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының жетекшісі, қуғындағы банкир Мұхтар Әблязов 9 маусымда азаматтарды бірнеше қалада митингіге шығуға шақырған.
12/12 Елде тыйым салған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының жетекшісі, қуғындағы банкир Мұхтар Әблязов 9 маусымда азаматтарды бірнеше қалада митингіге шығуға шақырған.
9 маусымда Алматыдағы "Астана" алаңында полиция жүзге жуық адамды ұстады. Алаңға жиналған жүздеген адам кезектен тыс президент сайлауына қарсы шықты. Алаңда тұрған полиция мен арнайы жасақ "Бойкот", "Масқара" деп айғайлап тұрғандарды шетінен ұстап әкетті. Полиция ұсталғандарды Бостандық аудандық полиция бөлімшесіне апарғаны хабарланды.
Previous slide
Next slide

Тәуелсіз бақылаушылардың сайлау кезінде заң бұзылғанын айтқан шағымдарына Қазақстан билігі құлақ аспады. Сайлау нәтижесіне шағым түсірген тәуелсіз бақылаушылардың ондаған арызын Қазақстан соты қанағаттандырмаған.

ІІМ елде 9-12 маусым аралығында 4 мыңнан астам адам ұсталғанын хабарлаған. Адам құқығын қорғау ұйымдары наразылық кезінде полиция көшеде жай жүрген адамдарды да ұстап әкеткенін айтқан. Халықаралық ұйымдар сайлау күнгі полицияның әрекетін заңсыз деп сынады. Қазақстан орталық сайлау комиссиясы халықтың наразылығына қарамастан сайлау нәтижесін заңды деп тауып, Қазақстанды 30 жыл басқарған Нұрсұлтан Назарбаев таңдаған кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың 70 пайыздан артық дауыспен жеңіске жеткенін хабарлады. Елдегі наразылыққа қарамастан 12 маусымда Тоқаев ант етіп, қызметіне кірісті. Халықаралық ұйымдар Қазақстандағы президент сайлауының әділ өткеніне жиі күмән келтіреді. Қазақстан билігі сайлау жайлы сын айтқан халықаралық ұйымдардың мәлімдемесіне ресми түрде жауап бермеген.

XS
SM
MD
LG