Accessibility links

Қамаудан босаған белсенді Тұрымбетов үш жыл полиция бақылауында болады


Марат Тұрымбетов Түрксіб аудандық сотының алдында тұр. 15 наурыз 2019 жыл.

Бүгін, 5 шілдеде Алматының Түрксіб аудандық соты ЛА-155/18 түрмесінде жазасын өтеп жатқан Марат Тұрымбетовті денсаулығына байланысты қамаудан шығарды, бірақ жазадан босатқан жоқ. Енді ол үш жыл пробациялық бақылауда болады. Бұл туралы Азаттыққа Тұрымбетовтің өзі хабарлады.

Белсенді Тұрымбетов 2017 жылы алаяқтық бабымен кінәлі деп танылып, екі жарым жылға түрме жазасына кесілген. Бірақ судья белсендінің 1-топтағы мүгедек екенін ескеріп, жаза түрін бас бостандығын шектеуге ауыстырған.

2017 жылы наурызда Алматы қалалық Түрксіб аудандық соты Тұрымбетовті "пробациялық бақылау талаптарын бұзды" деп танып, қалған жаза мерзімін, бір жыл төрт айын, түрмеде өтеуге үкім еткен еді.

5 шілдеде Түрксіб аудандық соты белсендіні қамаудан босатты, бірақ осыған дейін бір рет пробациялық бақылау талаптарын бұзғаны үшін алдағы үш жыл тағы пробациялық бақылауда болатыны туралы шешім шығарды.

Тұрымбетов ЛА-155/18 түрмесінде қамауда болған аптасына үш рет диализ процедурасы үшін ауруханаға барып тұрған. Жақындары оған тиісті медициналық бақылау болмағандықтын оның денсаулығы күрт нашарлағанын айтып шағымданған. Белсендінің жақтастары арнайы комиссия құруды талап етіп, Алматы қалалық қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне барған.

Алматылықтар биліктен қамаудағы белсендіні босатуды сұрады
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:17 0:00

Тұрымбетовтің сөзінше, 2016 жылы оның көлігін белгісіз біреулер ұрлап алып кеткен. Ол сақтандыру компаниясынан өтемақы талап еткенін айтады. Бірақ сақтандыру компаниясы Тұрымбетов өтемақы алу үшін көлікті өзі жоғалтып жіберді деп оны сотқа берген. Сот компанияның шағымын қанағаттандырып, Тұрымбетовті жазалаған. Тұрымбетов айыптарды жоққа шығарып, «компанияның шағымын өзіне тиісті өтемақыны төлемеудің амалы» дейді. Және ол "бұл істің саяси астары бар" деп санайды.

50 жастағы Алматы тұрғыны Марат Тұрымбетов – қаладағы көп балалы аналардың мәселесін көтеріп, азаматтардың бейбіт митингіге шығу құқығын талап етіп жүрген белсендінің бірі.

Оқи отырыңыз: "Назарбаев режимі азаматтардың бостандығын шектеп отыр"

Халықаралық адам құқығын қорғау ұйымдары мен сарапшылар «Қазақстан билігі елдегі әлеуметтік және саяси мәселелерді көтерген азаматтық белсенділерді жиі қудалап, түрлі сылтаумен түрмеге қамайды» деп сынайды. Батыс елдері Нұр-Сұлтаннан белсенділерді қудалауды тоқтатуды талап еткен. Ал Қазақстан билігі халықаралық ұйымдардың пікіріне сирек жауап беріп, елде адам құқығы бұзылмайтынын алға тартады.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

"Маскасыз қоғамдық орында шулап, басқа адамдарға қауіп төндірмеңіз"
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:25 0:00
XS
SM
MD
LG