Accessibility links

Ozon-ның мыңнан аса қолданушысының паролі интернетке тарап кеткен


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресейлік Ozon интернет-дүкенінің 450 мыңнан аса қолданушысының паролі мен логині құпия мәліметтерді жинақтап басатын сайттардың бірінде жарияланды. РБК басылымының 10 шілде күні таратқан ақпаратына қарағанда, мәліметтер жарты жыл бұрын интернетке тараған болуы мүмкін, дегенмен компания ол туралы әлі хабарламаған.

РБК агенттігінің өзінде интернет-дүкен қолданушыларының жеке мәліметтерінің көшірмесі болған. Шамамен жүзге жуық электронды поштаны тексерген агенттік мамандары бұл деректердің қазір де маңызды екенін анықтаған. Бірақ ондағы дерекпен Ozon ресурсына кіру мүмкін емес.

РБК сілтеме жасаған қауіпсіздік саласындағы маманның сөзінше, мәліметтер қоры былтыр жыл соңында хакерлік форумдардың бірінде жарияланған екі тізіммен байланысты болуы мүмкін. Мәліметтердің ашық тұрғанын көрген компания парольдерді ауыстырған.

Ozon компаниясының болжамынша, мәліметтердің таралуына қолданушылардың бір парольді өзге сервистерге де пайдаланғаны себеп болуы мүмкін. Компанияның баспасөз қызметі қолданушылардың құрылғыларына вирустық шабуыл жасалуы мүмкін деген болжам да айтып отыр. "Мұндай жағдайда пароль автоматты түрде өзгереді" дейді баспасөз қызметінің өкілдері.

Data Insight сарапшыларының мәліметіне сәйкес, 2018 жылы Ozon Ресей нарығындағы ең ірі интернет-дүкендер тізімінде төртінші орынды алған. SimilarWeb статистикасына сәйкес, портал Рунеттегі ең танымал 20 сайттың қатарына кіреді. Компанияның өз мәліметіне қарағанда оның 30 миллион клиенті бар.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG