Accessibility links

Мәскеу: Жылу станциясынан өрт шықты. 8 адам "жараланған"


Мытищах қалашығында "Северная" жылу электр станциясындағы өрт. 7 шілде 2019 жыл.
Мытищах қалашығында "Северная" жылу электр станциясындағы өрт. 7 шілде 2019 жыл.

Мәскеу маңындағы Мытищах қалашығында "Северная" жылу электр станциясы (ЖЭС) өртеніп жатыр. Ресей төтенше жағдай министрлігі кем дегенде 8 адамның жараланғанын айтты. Бұл туралы ресейлік ақпарат агенттіктері хабарлады.

Желіде тараған видеолардан жалынның 50 метрге дейін көтерілгенін байқауға болады.

ТАСС ақпарат агенттігінің дереккөзінің сөзінше, жылу электр станциясының газ сақталатын бөлігінде шыққан.

Өрт болып жатқан аймаққа ондаған өрт сөндіру көліктері мен бірнеше тікұшақ жетті. Оны сөндіруге жүзге жуық адам келген.

Өрт шыққан станция жанында ірі сауда орталығы мен құрылысы бітпеген жатақхана орналасқан.

Мытищах қалашығындағы ЖЭС-27 1992 жылы пайдалануға берілген. Станцияда табиғи газ қолданылады. ЖЭС қуаты - 1060 МВт.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG