Accessibility links

Совет кезінде батып кеткен сүңгуір қайықтан радиация тарағаны хабарланды


«Комсомолец» су асты кемесі. 1989 жыл.
«Комсомолец» су асты кемесі. 1989 жыл.

Норвегия ғалымдары 1989 жылы батып кеткен «Комсомолец» су асты кемесінен қалыпты мөлшерден 800 мың есе көп радиация тарап жатқанын анықтаған.

Дегенмен ғалымдардың сөзінше, батып кеткен кемедегі радиацияның қоршаған ортаға қаупі жоқ. Өйткені кеме өте тереңде – 1680 метрде жатыр, ал одан шығып жатқан радиацияны Норвегия теңізінің мұздай суы жылдам жойып отырады.

1989 жылы «К-278» атом су асты кемесінде болған өрттен борттағы 69 адамның 42-сі қаза тапқан. Кемедегі ядролық отын қорымен бірге екі ядролық торпедо да суға батып кеткен. «К-278» атом кемесі – 1985 жылы ең терең қашықтық - 1027 метрге сүңгіп, рекорд орнатқан.

Ақпаратқа қарағанда, ресейлік және норвегиялық ғалымдар экспедициясы батып кеткен кемеден шыққан радиация шығып жатқанын 1990 жылдары және 2007 жылы байқаған. Бірақ биыл 7 шілдеде норвегиялықтар бірінші рет су асты роботын пайдаланып, радиация мөлшерін ғана емес, кеме корпусын да түсіріп қайтқан.

Норвегия мен Ресей апат болған жерде үнемі мониторинг жасап отырады. Мамандар кеме су бетіне шықса, ондағы өте көп мөлшердегі радиоактивті материал қоршаған ортаға тарап кетеді, сондықтан оны жатқан жерінен қозғамау қажет дегенді айтады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG