Accessibility links

Ақтөбе соты "пара алды" деп айыпталған экс-судьяны соттады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

12 шілде күні Ақтөбе қалалық соты экс-судья Жұманәлі Төленовті 4 жылға бас бостандығынан айырды. Сот үкімі күшіне енсе, Төленов жазасын өтеп шыққаннан кейін өмір бойы сот жүйесінде, мемлекеттік қызметте, Ұлттық банк пен ұлттық компанияларда еңбек ете алмайды.

Тергеу материалдарына қарағанда, «тендерден жеңіліп қалған мамандандырылған әскери-авариялық қызмет өкілі сол кездегі облыстық соттың судьясы 43 жастағы Жұманәлі Төленовтен көмек сұраған. Төленов соттың тендер қорытындысын жоққа шығара алатынын айтып, компания өкілінен 2 млн 800 мың теңге алған».

Бұрынғы әріптесіне үкім шығарған Теміржан Алдановтың айтуынша, сот процесі барысында Төленов ішіне ақша салынған пакетті алғанын мойындаған. Бірақ Төленов пакетті өзге бір лауазымды тұлғаға беру үшін алғанын яғни, делдал болғанын айтты. Сот Төленовтің әрекетін делдалдық деп бағалаған жоқ. Сот Төленовті «алаяқтық жасады» деп айыптап, 4 жылға бас бостандығынан айырды. Төленов өзін кінәсізбін деп санайды.

Экс-судьяның адвокаты Оксана Голубева сот үкімімен келіспейтінін, апелляциялық алқаға шағым түсіретінін айтты.

Жұманәлі Төленов Ақтөбе облыстық сотының азаматтық істер алқасында 2012-2018 жылдары қызмет еткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG