Accessibility links

Түркияға ресейлік С-400 ракета кешенінің алғашқы партиясы жеткізілді


С-400 кешені

12 шілдеде Түркия қорғаныс министрлігі елге Ресейден С-400 зениттік-ракеткалық кешенінің алғашқы партиясы жеткізілгенін мәлімдеді. Бұл әскери техниканы Түркияға жеткізу алдағы күндері жалғасады.

Бұған дейін Анкара мен Мәскеу С-400 ракеталық кешенінің саудасы жайлы келісімге келген. Осыдан кейін АҚШ пен Түркия арасындағы жағдай ушыққан.

Түркия қорғаныс министрлігі С-400 ракеталық кешенінің алғашқы партиясы Анкара маңындағы Мюртед авиабазасына жеткізілгенін хабарлады. Осыдан кейін Түркияның ұлттық валютасы лир әлсіреп, 1 доллардың құны 5,6 лирден 5,7 лирге өсті.

Ресей федералды қызметі әскери техниканың Түркияға жеткізіле бастағанын растады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG