Accessibility links

Ким Чен Ын ресми түрде Солтүстік Корея басшысына айналды


Ким Чен Ын.
Ким Чен Ын.

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын ел конституциясына түзетулер енгізілгеннен кейін ресми түрде мемлекет басшысына айналды деп хабарлайды Reuters агенттігі. Бұған дейін жоғарғы халық ассамблеясы президиумының төрағасы ел басшысы ретінде саналып келген. Ал Ким Чен Ын елдің қорғаныс күштеріне жауапты "жоғарғы жетекші" болған .

Reuters-тің жазуынша, Ким Чен Ын көптен бері мемлекет басшысы болуға ұмтылған, елдің саяси бағытын экономика мен халықаралық келіссөздерге бұрып, қарулану саясатына басымдық бермеуге тырысқан. Агенттік бұл өзгерістерді Солтүстік Кореяның АҚШ-пен жасайын деп отырған бейбіт келісіміне дайындық деп санайды.

Маусым айының соңында Солтүстік Корея соңғы екі жылда алғаш рет Оңтүстік Корея және АҚШ-пен келіссөз жүргізген. Дональд Трамп Солтүстік Корея аумағына аяқ басқан алғашқы АҚШ президенті болды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG