Accessibility links

Энергетика министрлігі Алматыдағы жарық сөну себебін тексеру үшін комиссия құрды


Жарықсыз қалған Алматы көшесіндегі кептеліс
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:50 0:00

Видео: Жарықсыз қалған Алматы көшесіндегі кептеліс

Қазақстан энергетика министрлігі Алматы қаласындағы жарық сөну себебін анықтау үшін комиссия құрғанын хабарлады.

«Алатау жарық компаниясының» мәлімдеуінше, жарық сөнуінің нақты себебін, қанша үй мен ғимарат жарықсыз қалғанын анықтау үшін комиссияға он күндей уақыт керек.

15 шілде түскі сағат екіден кейін Алматының біраз бөлігі жарықсыз қалды. Қалада бағдаршамдар істен шығып, көшеде кептеліс болды. Метро да біраз уақытқа дейін жұмыс істемей тұрды. Әкімдік қалаға сағат 17.00-ге дейін жарық берілетінін мәлімдеген. Бірақ қаладағы кейбір аудандар кешкі жетіге дейін жарықсыз отырды.

Алматы энергия кешенінің қоғаммен байланыс бойынша қызмет көрсетудің жалпы орталығының директоры Динара Алпысбаева Азаттыққа қаладағы электр станцияларының бірінде ақау шыққанын айтты. Ал қала әкімдігінің хабарлауынша, "АлЭС" компаниясына тиесілі станцияда ақау болған.

«Алатау жарық компаниясының» бас инженерінің орынбасары Нұржан Әділбековтің сөзінше, негізінен қаладағы Алматы, Әуезов, Медеу аудандары жарықсыз қалған. Ал бұған дейін қаладағы Бостандық ауданы мен Алматыға жақын маңдағы аудандардың тұрғындары да жарықсыз отырғандарын айтқан.

Қазақстанның бұрынғы астанасы, елдің ең ірі қаласында, ресми дерек бойынша, 1,8 миллион адам тұрады.

  • 16x9 Image

    Манас ҚАЙЫРТАЙҰЛЫ

    1994 жылы 20 мамырда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде филология мамандығы бойынша бакалаврды, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінде магистратураны тәмамдаған. 

    "Дарабоз" журналында (2012-2014), "31 арнаның" жаңалықтар қызметінде (2015-2018) жұмыс істеген.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG