Accessibility links

ЕО Молдоваға қаржылық көмекті қайта жандандырды


Еуропа одағының кеңейту ісі жөніндегі комиссары Йоханнес Хан.
Еуропа одағының кеңейту ісі жөніндегі комиссары Йоханнес Хан.

Еуропа одағы Молдоваға былтыр жазда тоқтатқан қаржылай көмекті қайта жандандырады. Бұл туралы Брюсселде Молдова сыртқы істер министрі Николай Попескумен кездескен Еуропа одағының кеңейту ісі жөніндегі комиссары Йоханнес Хан мәлімдеді. Бұл туралы Deutsche Welle хабарлап отыр.

Йоханнес Ханның сөзінше, Кишинёвке 14,5 миллион еуролық алғашқы транш бірер күнде жіберіледі. Қаржы Молдова мен Еуропа одағының еркін сауда аймағының жұмысы мен ондағы кәсіби техникалық білім алу бағдарламасына жұмсалады.

Екінші траншты Еуроодақ биыл күзде жібереді. Бұған қоса Брюссель Кишинёвке макроқаржылай көмектің алғашқы кредитін беріп қалуы да мүмкін. Бірақ бұл үшін алдымен Халықаралық валюта қорының есебін алу қажет, дейді Хан.

2017 жылы Еуроодақ Молдоваға құны 100 миллион еуро болатын макроқаржылай көмек бөлген. Алайда елде демократиялық принциптердың бұзылуы кесірінен бір жылдан кейін оны тоқтатқан-тын. Көмекті қайта жандандыру үшін Молдова жемқорлықпен күресіп, елде халықаралық нормаларға сай парламенттік сайлау өткізуі тиіс болатын.

Биыл маусымда Молдовада саяси дағдарыс болды. Онда бұрынғы бәсекелестер - cоциалистер партиясы мен оппозициялық ACUM партиясы, - коалиция құрып, биліктен олигарх Владимир Плахотнюк пен оның демократиялық партиясын шеттетті.

Жаңа үкіметті АҚШ, ЕО және Ресей қолдады. Үкіметті оппозициялық ACUM партиясы белсенділерінің бірі Майя Санду басқарады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG