Accessibility links

Араб Әмірліктерінің мұнай танкері Ормуз бұғазында жоғалып кетті


Біріккен Араб Әмірліктерінің шығысындағы Фуджейра порты.
Біріккен Араб Әмірліктерінің шығысындағы Фуджейра порты.

Ормуз бұғазынан өтіп бара жатқан Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) мұнай танкері екі күннен бері хабарсыз кеткен. Соңғы дерек бойынша, такер Иранға қарай өткен. Бұл туралы Associated Press хабарлады.

Танкер Араб Әмірліктерінің батыс жағалауынан шығыс жағалауына Ормуз бұғазы арқылы қатынап жүрген. Агенттік сілтеме жасаған дереккөзге қарағанда, соңғы үш айда бұл танкер өзінің қайда жүргені туралы хабар беретін құрылғысын өшірген емес.

Тегеран мен Әбу-Даби оқиғаға жайлы әзірге комментарий берген жоқ. Таяу Шығыс суын бақылайтын АҚШ теңіз күштері пікір айтпады.

11 мамырда Араб Әмірліктеріне тиесілі суда жүзген кем дегенде төрт кемеге шабуыл жасалған. Адам я мұнай шығыны туралы ақпарат жоқ. Оқиғалардың жай-жапсары да ашық айтылмайды.

4 шілдеде Ұлыбританияның теңіз барлауы Гибралтарда халықаралық санкция барына қарамастан Сирияға бара жатқан ирандық Grace-1 кемесін ұстаған. Тегеран жауап ретінде шара қабылдауға уәде еткен.

Ұлыбритания 9 шілдеде Иран кемелері британ мұнай танкерлерін басып алмақ болды деп ақпарат тартқан. Тегеран бұл мәлімдемемен келіспейтінін білдірді.

Мамыр-маусым айларында АҚШ "Оман мен Парсы шығанағындағы кемелерге шабуыл жасады" деп Тегеранды айыптаған. Иран бұл айыптарды да жоққа шығарған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG