Accessibility links

Алматыда қойма өртенді


Алматыда өртенген қойма. 18 шілде 2019 жыл.
Алматыда өртенген қойма. 18 шілде 2019 жыл.

Алматыда Жетісу ауданындағы қоймалардың бірі өртенді деп хабарлайды қалалық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі.

"18 шілдеде таңертегі сағат 7.45-те Алматы қалалық төтенше жағдай департаментінің (ТЖД) "101" қызметіне Жетісу ауданы, Омаров көшесі, 12в/1 мекен-жайында орналасқан қойманың өртеніп жатқаны туралы ақпарат түсті. Жалынды сөндіруге 15 техника, 43 өрт сөндіруші жұмылды" делінген ТЖД хабарламасында.

Оқиға орнына барған Азаттық тілшісі 9.40 шамасында өрттің өшірілмегенін, өрт жайылмас үшін өрт сөндірушілердің жанталасып жүгіріп жүргенінін айтты.

Қала тұрғындары 18 шілдеде таңертең Алматының солтүстігіндегі бұрынғы "Саяхат" автовокзалы жақтан қою түтін шығып жатқанын көрген.

Бұған дейін, 18 шілдеге қараған түні Алматыда үш жеке үй және шаруашылық нысаны өртенген. Өрт Жетісу ауданындағы Потанин көшесінде болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG