15 шілдеде АҚШ-та 96 жасқа қараған шағында Американың Ирандағы уақытша сенімді өкілі болған Брюс Лейнген қайтыс болды. Ол 1979 жылы Иран студенттері АҚШ-тың Тегерандағы елшілігін басып алған дағдаорыс кезінде қызмет атқарған болатын.
Дипломаттың қазасы жайлы Лейнгеннің ұлы 17 шілдеде естіртті. Чип Лейнгеннің айтуынша, әкесі Вашингтон маңындағы қарттар үйінің бірінде Паркинсон дертінің ұлғаюынан қайтыс болған.
Брюс Лейнген мен тағы 51 америкалық Иран студенттерінің қолында 444 күн кепілде отырған. Студенттер Иранда Америка шах билігі құлаған соң АҚШ-тың Тегерандағы елшілігін басып алып, ондағы адамдарды кепілге алған еді.
Кепілден босатылғаннан кейін Брюс Лейнген өзінің көптеген сұхбатында Иранмен татулыққа шақырған болатын. Ол Азат Еуропа/Азаттық радиосына 2009 жылы берген сұхбатында да АҚШ пен Иран қатынасының реттелмегеніне өкініш білдірген.
17 шілдеде дипломаттың ұлы Чип Лейнген Миннесота қоғамдық радиосына әкесінің қауіпке қарамастан Ирандағы елшілікте жоғары қызмет атқарғанын айтқан. «Тәжірибелі дипломат ретінде ол диалог арқылы келіспеушілікті реттеуге сенімд болатын» дейді Чип Лейнген.
ПІКІРЛЕР