Accessibility links

ТЖД: Алматыдағы қоймадан шыққан өрт сөндірілді


Қойма өртенген маңда тоқтап тұрған өрт сөндіру көліктері. Алматы, 18 шілде 2019 жыл.
Қойма өртенген маңда тоқтап тұрған өрт сөндіру көліктері. Алматы, 18 шілде 2019 жыл.

Алматы қаласы Жетісу ауданындағы бояу өнімдері қоймасынан 18 шілдеде таңертең шыққан өрт жеті сағаттан соң сөндірілді.

"Сағат 14.49-да өрт сөндірілді" деді түстен кейін Алматы қалалық төтенше жағдай департаментінің баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова. Ол өрттен ешкімнің зардап шекпегенін айтты.

Алдын ала ақпарат бойынша, қоймада шамамен 200 тонна бояу өнімдері болғандықтан өртті сөндіру қиынға соққан. Өрт сөндірушілерге тікұшақтар көмектескен.

Өртенген аумақтың көлемі шамамен 450 шаршы метрді құрайды.

Төтенше жағдай департаментінің дерегі бойынша, қаладағы Омаров 12в/1 мекенжайында орналасқан нысан өртенген. Ашық дереккөздеріне сәйкес, мұнда бояу өнімдерін (арасында мұнай-газ саласында қолданылатын бояу түрлері де бар) шығаратын жеке компания орналасқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG