Accessibility links

Алмазбек Атамбаев келесі аптада Ресейге баратынын айтты


Алмазбек Атамбаев.
Алмазбек Атамбаев.

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев келесі аптада Ресейге баруы мүмкін екенін мәлімдеді. 19 шілдеде Кой-Таш ауылындағы үйінде журналистер сұрақтарына жауап берген Атамбаев осылай деді.

"Құдай қаласа келесі аптада... Бірнеше күнге барып келгенімді кейбір адамдар қаламайтын сияқты. Мені шақырып жатқан адамдардың бәрі ойдағыдай өтуін қадағалайды. Бірақ сонда да тек өзіме, Құдайға және нағыз достарыма ғана сенуім керек, не де болса бәріне дайын болу қажет" деді Атамбаев.

Бірақ экс-президент өзін нақты кімнің шақырғанын ашып айтпады.

Атамбаев бұған дейін басқа елге баруды жоспарлап жүргенін, бірақ қай елге баратынын айтпаған еді.

Қырғызстанның ішкі істер министрлігі 18 шілдеде Алмазбек Атамбаевты үшінші рет тергеуге шақырған, бірақ адвокатының айтуынша, ол бармаған. Ақпарат бойынша, тергеу орындары қылмыстық топ арасында танымал Азиз Батукаевың заңсыз босатылуына байланысты сұрақтар қоймақ болған.

27 маусымда парламент Атамбаевты экс-президент мәртебесінен айыру туралы шешім қабылдады. Енді бұдан былай құқық қорғау органдары оның үстінен қылмыстық іс қозғай алады. Атамбаевтың өзі істің саяси астары барын айтады. Кой-Таш ауылындағы жақтастары оны қолдау штабын құрған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG