Accessibility links

Мәскеудегі митингіде сайлауға тәуелсіз кандидаттарды жіберуді талап етті


Сахаров даңғылындағы митингі. Мәскеу, 20 шілде 2019 жыл.
Сахаров даңғылындағы митингі. Мәскеу, 20 шілде 2019 жыл.

20 шілдеде Мәскеу орталығындағы Сахаров даңғылында мемлекеттік дума сайлауына тіркеле алмаған тәуелсіз кандидаттарды қолдау акциясы өтті. Азаттықтың Орыс қызметі шарадан тікелей эфирде хабар таратты.

"Белый счетчик" ұйымының дерегінше, шараға шамамен 22 мың адам қатысқан. Полиция дерегіне сүйенген жергілікті "Говорит Москва" радиостанциясы оған 12 мың адам келгенін хабарлады. Ақпарат бойынша, рұқсат етілген митингіде бес адам ұсталған.

Акцияға қатысушылар тәуелсіз кандидаттарды Мәскеу қалалық думасы сайлауына жіберуді талап етті. Шарада сайлауға тіркеле алмаған кандидаттардың бірі оппозициялық саясаткер Алексей Навальный сөйледі. Ол билік бұл әрекетін әрі қарай да жалғастыра берсе, 27 шілдеде әкімдік алдында жаппай митингі өткізуді ұсынды.

Бұған дейін ондаған оппозициялық және тәуелсіз кандидаттар саяси себеппен өздерін Мәскеу қалалық дума сайлауына жібермей отырғанына шағымданған еді. Олардың басым бөлігінің айтуынша, сайлау комиссиясы оларды қолдайтын азаматтардың қолын тіркеуден бас тартқан.

Мәскеу қалалық сайлау комиссиясы сайлауға әлдекімердің заңсыз ықпал етуге тырысып жатқанын айтты. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Кремль жағдайға араласпайды деді.

  • Мәскеу қалалық думасына сайлау 8 қыркүйекте өтеді. Бір мандаттық округ бойынша барлығы 45 депутат сайланады. Парламентке енбеген партияға мүше адамдар сайлауға қатысу үшін бірнеше мың сайлаушы қолын жинауы керек.
  • Кейбір дерекке қарағанда, рейтингісі төмен болуына байланысты "Единая Россия" депутаттарын сайлауға ұсынбаған. Олар өзін-өзі ұсынған кандидат ретінде сайлауға қатыспақ.
  • Сайлауға тіркеле алмаған тәуелсіз кандидаттар арасында мәскеулік депутаттар Илья Яшин, Юлия Галямина, Жемқорлықпен күрес қорының өкілі Любовь Соболь, Иван Жданов, саясаткерлер Дмитрий Гудков, Сергей Митрохин бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG