Accessibility links

Қытай Тайвань басшысының АҚШ-қа сапарын сынады


Цай Инвэнь.
Цай Инвэнь.

Пекин АҚШ-тың Тайваньға байланысты саясатын сынады. Тәуелсіз ел ретінде ішінара мойындалған Тайвань республикасының басшысы АҚШ-қа барғаны белгілі болған соң Пекин арнайы мәлімдеме жасады.

Пекиннің экономикалық қысымына қарамастан Кариб аймағында Тайваньмен дипломатиялық қарым-қатынасын сақтап қалған бірнеше мемлекет бар. Осы аймаққа сапары кезінде Цай Инвэнь жолшыбай АҚШ-қа барып, бірқатар кездесулерге қатысқан.

АҚШ-та Цай Инвэнь конгресс мүшелерімен кездесіп, Тайвань аралымен өзіндік сауда қарым-қатынасын орнатқан Вайоминг штатына барған. Нью-Йорктағы атақты Колумбия университетінде студенттермен кездескен.

Қытайдың сыртқы істер министрі Цай Инвэннің АҚШ-қа сапарын өткір сынап, Ақ үй онымен "ресми байланыс орнатуды тоқтатуы керек" деп мәлімдеді. АҚШ мемлекеттік департаменті оның "ресми емес, жеке шаруаларымен сапарлап" жүргенін айтқан.

Жарты жылдан соң Тайваньда жалпыхалықтық сайлау өтеді. Сарапшылардың пікірінше, сайлау Қытайдан неғұрлым тәуелсіз саясат жүргізуге талпынып отырған Тайвань мен Пекин арасы ушыққан кезбен тұспа-тұс келеді. Ресми Пекиннің сынына қарамастан Тайвань АҚШ-пен әскери-техникалық әріптестікті жалғастырып отыр. Жақында Трамп әкімшілігі 2,2 миллиард долларға бағаланған ірі көлемде қорғаныс әскери техникасын аралға жеткізуді мақұлдаған. Оған жауап ретінде Қытай Тайваньға қару-жарақ тасымалдайтын америкалық компанияларға тарихта тұңғыш рет санкция салды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG