Accessibility links

АҚШ Украинаның жаңа үкіметімен ынтымақтасуға әзір


Украина президенті Владимир Зеленский. Киев, 23 шілде 2019 жыл
Украина президенті Владимир Зеленский. Киев, 23 шілде 2019 жыл

Президент Владимир Зеленскийдің партиясы 21 шілдеде өткен парламент сайлауында жеңіп шыққан соң сейсенбі күні АҚШ үкіметі Украинаның жаңа үкіметімен ынтымақтасуға әзір екенін білдірді.

Мемлекеттік департамент құттықтау мәлімдемесінде "Украинаның жетістігін баянды қылатын маңызды реформаларға серпін беретіні үшін жаңа украин үкіметімен және украин халқымен бірге жұмыс істейтінін" жазған.

Зеленскийдің "Слуга народа" партиясы Украинаның Жоғарғы Радасындағы 424 мандаттың 60 пайызын жеңіп алған. Совет Одағы құлағалы бері бұл елдің тарихында бірінші рет бір партия парламенттегі айқын басым көпшілікке айналғалы тұр. Сайлау нәтижесі украин халқының қазіргі саяси жүйеге деген көзқарасын да аңғартты.

Сайланған жаңа депутаттардың 320-сы, яғни төрттен үшінен астамы ешқашан депутат болып көрмеген. Радаға 87 әйел депутат сайланды. Бұл да елдің саяси тарихындағы жаңа рекорд.

Парламент сайлауында дауыс беріп жатқан украиналықтар. Киев, 21 шілде 2019 жыл
Парламент сайлауында дауыс беріп жатқан украиналықтар. Киев, 21 шілде 2019 жыл



Айқын жеңіс - Зеленский үшін заң үстемдігін орнату, жемқорлықпен күресу және Украинаның шығысындағы алты жылға созылған ресейшіл сепаратистермен қақтығысты оңтайлы етіп шешу жолындағы зор мүмкіндік.

Мемлекеттік департаменттің мәлімдемесінде: "АҚШ Ресейдің агрессиясымен бетпе-бет келген Украинаға нық қолдау қылады" деген жол бар.

Ресей Украинаның шығысындағы Луганск және Донецк облыстарының кейбір аудандарын басып алған сепаратистерге жетекшілік қылады, дайындықтан өткізеді, қаруландырады және сарбаздарын қосып береді деген айыптарды үнемі жоққа шығарып келеді.

Зеленский осы жазда Вашингтонға ресми сапар шегіп, АҚШ президенті Дональд Трамппен кездеспекші. Ол Украинаның жаңа премьер-министрі қызметіне ешқашан саясатқа араласпаған экономист маманның кіріскенін құп көреді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG