Accessibility links

Қырғыз-тәжік шекарасындағы жанжалда 26 адам зардап шеккен


Қырғыз-тәжік шекарасында болған жанжал кезінде жарақат алған адам (сол жақта). Қырғызстан, Баткен қаласы, 23 шілде 2019 жыл.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қырғызстан мен Тәжістан шекарасындағы жанжалдан 16 қырғыз және 10 тәжік азаматы зардап шеккен. Бұл туралы Азаттықтың Тәжік және Қырғыз қызметтері хабарлады. Бір адам - Тәжікстан азаматы - қайтыс болды.

22 шілде күні Қырғызстанның Баткен облысындағы Ақ-Сай ауылы мен Тәжікстанның Ворух анклавының шекарасында қақтығыс болған. Қырғыз шекарашыларының сөзінше, Ворух тұрғындары ауылға кіре берісте флагшток орнатқан соң жанжал шығып, қарудан оқ атылған. Шекарашылар жергілікті тұрғындар аңшы мылтығынан оқ атқан дейді.

Ал Тәжікстан тарабы болса жанжал барысында Қырғызстан тұрғындары оқ атқан деп мәлімдеді. Тәжікстан ішкі істер министрлігінің мәліметінше, тәжікстандық бір азамат қаза болып, тәжік милициясының подполковнигі жараланған. Зардап шеккен он адамның үшеуіне оқ тиген, жетеуін таспен жарақаттаған. Қырғызстан жағынан 15 адам жараланған, оның 12-сіне оқ тиген, үш адам тастан зардап шеккен. Жарақаттанғандар арасында милиция қызметкері мен шекарашы бар деп хабарланды.


Сейсенбі, 23 шілде күні тағы да атыс болып, бір шекарашы жараланған. Бұл туралы оқиға болған жерден Азаттық тілшісі хабарлады. Аймақта шекара қызметі күшейтілген тәртіпке көшкен.

  • Екі ел арасындағы шекараның ұзындығы 970 шаршы километр, оның тек 519 шаршы километрі бойынша екі ел арасында келісім жасалған. Қалған тұсында су, жайылым мен жерге байланысты дау жиі болып тұрады.
  • Шекарадағы жанжал Қырғызстан президентінің Тәжікстанға сапары қарсаңында шығып отыр. Осы кездесуде екі тарап шекараның әлі белгіленбеген бөлігін талқылауы тиіс еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG