Accessibility links

Ресей жоғарғы соты украиналық Павел Грибтің үкімін күшінде қалдырды


Павел Грибтың сот залында. Ростов, Ресей, 23 шілде 2018 жыл.

Ресей жоғарғы соты украиналық 21 жастағы студент Павел Грибтің үкімін заңды деп таныды. Биыл наурыз айында Ресейдің Ростов қаласындағы Солтүстік Кавказ округтік әскери соты украиналық азаматты "терроризмге арандатқан" деген айыппен алты жылға бас бостандығынан айыруға үкім еткен.

Павел Гриб өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын мәлімдеген.

Бұған дейін ол Украина президенті Владимир Зеленский мен Украина парламентіне үндеуінде Ресей билігі соттаған барлық украин азаматтарының тағдырын шешуді талап еткен. Гриб Ресей және Беларусь мемлекеттерімен шекараны жабуды сұраған.

Павел Гриб әлеуметтік желіде танысқан ресейлік бойжеткенмен кездесу үшін 2017 жылғы 24 тамызда Беларусь еліндегі Гомель қаласына бара жатқанда, Беларусь аумағында жоғалып кеткен. Екі айдан соң украин студентінің Ресейдің Краснодар қаласындағы тергеу абақтысында қамауда отырғаны анықталған. Грибтің туыстары мен адвокаттары оны ресейлік арнайы қызмет ұрлап әкеткен деп санайды.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG