Accessibility links

Facebook аса ірі көлемде айыппұл төлемек


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

АҚШ-тың федералдық сауда комиссиясы қолданушылар мәліметтерін құпия сақтай алмағаны үшін Facebook компаниясына бес миллиард доллар көлемінде айыппұл салды. АҚШ-та компанияларға бұрын-соңды осынша көп көлемде айыппұл салынбаған. Бұған қоса, компания бағалы қағаздар жайлы шағымды реттеу үшін тағы 100 миллион доллар төлеуі тиіс.

Билікпен арадағы келісімге сәйкес, жеке мәліметтер құпиясын сақтау талаптарын орындауға Facebook негізін қалаушы Марк Цукербергтің өзі жауапты болады.


​Былтыр наурыз айында АҚШ билігі әлеуметтік желіге қатысты тергеу жүргізген. Сол кезде журналистер британдық Cambridge Analytica зерттеу компаниясын Дональд Трамптың сайлауалды компаниясы кезінде Facebook қолданушыларының мәліметтерін пайдаланған деп айыптаған. Мәліметтер сайлау нәтижесіне әсер ету үшін, Брекзит жайлы дауыс беру кезінде және Франциядағы "Ұлттық майдан" мүддесіне пайдаланылған болуы мүмкін деп жазады швейцарлық Das Magazine басылымы.

​Жанжалдан кейін Марк Цукербергке АҚШ конгресінің екі бірдей тыңдауына қатысуға тура келді. Facebook қолданушыларының дерегімен жұмыс істеу тәртібіне өзгеріс енгізілетінін хабарлаған. Әлеуметтік желі әкімшілігі қосымша әзірлеушіні қолданушымен шарт жасауға міндеттемек, онда қосымша әзірлеушінің жеке мәліметтерді қандай жағдайда пайдалана алатыны егжей-тегжейлі көрсетілмек.

Өзіне айтылған айыптауларды жоққа шығарғанымен британдық Cambridge Analytica компаниясы жұмысын тоқтатқан. Компания осы айыптау салдарынан түгелге жуық клиентінен айырылғанына байланысты банкротқа ұшырағанын мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG