Accessibility links

Түркияда Беларусь дипломатына қастандық жасалды


Анкарадағы елшіліктердің бірін бақылап тұрған Түркияның қауіпсіздік қызметі өкілдері. Көрнекі сурет.
Анкарадағы елшіліктердің бірін бақылап тұрған Түркияның қауіпсіздік қызметі өкілдері. Көрнекі сурет.

Түркия астанасы Анкарада 24 шілдеде белгісіз ер адам Беларусь елшілігі кеңесшісі Александр Поганшевке оқ атқан. Дипломат ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, жан сақтау бөліміне түскен. Бұл туралы Hurriyet басылымы хабарлап отыр.

Қастандық жасаған адам өзі-өзіне оқ атып, сол жерде көз жұмған. Жергілікті БАҚ -тың хабарлауынша, дипломатқа оқ атқан адам оның көршісі болған.

Беларусь сыртқы істер министрлігі қастандық жасаған адамның "ақыл-есінде ауытқушылығы болғанын" хабарлап отыр.

Бұл Түркиядағы дипломаттарға жасалған алғашқы қастандық емес. 2016 жылы 19 желтоқсанда Анкарада Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карлов қастандықтан көз жұмған. Елші өнер көрмесінде сөйлеп тұрғанда ғимаратқа күзетші кейпінде кірген 22 жастағы Мевлют Мерт Алтынташ есімді адам оны ту сыртынан бірнеше рет атып жаралаған. Елші көп ұзамай жарақатынан көз жұмды. Бұрын полицияда қызмет істеген Алтынташтың өзі полициямен атыста оққа ұшқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG