Accessibility links

Сібірдегі орман өртінің түтіні Поволжье мен Қазақстанға жетті


Орман өрті. Көрнекі сурет.

Ресейдің Якутия, Краснояр өлкесі және Иркутскі облысындағы үш миллион гектар жерді өрт шалды. Орман түтіні Поволжье мен Қазақстанға жетті деп тұжырымдайды ресейлік Greenpeace ұйымының орман өртімен күрес бөлімінің жетекшісі Григорий Куксин RFI сайтына берген сұхбатында. "Красноярск. Небо" жобасының авторы Игорь Шпехт биліктің өртті сөндіруге күш салмай отырғанын, өрт жайлы ешқандай ақпарат жоғын айтты.

"Біз Ресей Федерациясында тұрып жатпаған сияқтымыз" деді ол.

2019 жылы жазда басталған өрт 11 миллион гектарға созылған бақылау аймағы деп аталатын өңірден басталған. Ресей билігі өрт сөндіруге кеткен қаржы келетін шығын көлемінен артық болғандықтан өртті сөндірмеу туралы шешім қабылдаған. Тек елді мекендерге жайылуына жол бермеу керек деген. Алайда Игорь Шпехтің айтуынша, өрттің бағыты енді елді мекендер жаққа қарай ауысып жатыр.

Орман өрті салдарынан Сібірдің барлық аумағын бір аптадан бері түтін басқан. Тұрғындар ауада түтін мен ыс иісі барын айтады. Билік өрттен ешқандай қауіп жоғын, алыс жақтағы ормандарды сөндіру экономикалық тұрғыда тиімсіз екенін және техникалық жағынан күрделі айтады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG