Accessibility links

Еуроодақ Мәскеудегі бейбіт шеру кезіндегі жаппай ұстауды айыптады

Мәскеудегі шеру. 27 шілде 2019 жыл.
Мәскеудегі шеру. 27 шілде 2019 жыл.

"Мәскеудегі рұқсат етілмеген митингі кезінде полицияның азаматтарды ұстауы бейбіт жиналу құқығы мен пікір айту еркіндігіне нұқсан келтіреді" деп мәлімдеді Еуропа Одағы.

"Адам құқығының негізгі түрлері Ресей Конституциясында жазылған және бұл құқықтар қорғалады деп ойлаймыз" деді Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік мәселелері бойынша жоғарғы өкілдігінің баспасөз хатшысы Майя Косьянчич.

Ол Еуроодақтың алдағы сайлауда Ресей билігі ЕҚЫҰ және өзге де халықаралық ұйымдар алдында алған міндеттерін орындайды деп үміттенетінін жеткізген.

Мұның алдында Amnesty International құқық қорғау ұйымы да ұсталғандарды босатып, күштік құрылым өкілдерінің әрекеттерін зерттеуді талап еткен еді.

27 шілдеде Мәскеуде қалалық дума сайлауына қатысқысы келген тәуелсіз кандидаттарды қолдау акциясы өтті. ІІМ дерегінше, оған 3 500 адам қатысқан. Ал "ОВД-Инфо" құқық қорғау порталының хабарлауынша, шеруге одан да көп адам қатысқан, 1 373 адам ұсталған, олардың 43-і - кәмелеткен толмағандар. ІІМ 1074 адамның ұсталғанын айтты. Акцияны тарату кезінде полиция шерушілерді аямай ұрып-соғып, резеңке таяқ қолданған. Ондаған адам жараланған.

Қарай отырыңыз: Мәскеудегі шеру (27 шілде 2019 жыл).

Мәскеудегі бейбіт шеру: мыңнан астам адам ұсталды, ондаған шеруші жараланды

Полиция қызметкерлері жергілікті депутат Александра Парушинаны резеңке таяқпен ұрған. Ол есінен танып қалды.
1/15 Полиция қызметкерлері жергілікті депутат Александра Парушинаны резеңке таяқпен ұрған. Ол есінен танып қалды.
Полиция қызметкерлері акцияға таңертеңнен бастап дайындалған. Жергілікті әкімдік маңындағы Юрий Долгоруков ескерткішін темір қоршаулармен қоршап, Тверь көшесіне қаз қатар автозактар тізіп қойған. Жергілікті уақыт бойынша күндізгі сағат 12.30 шамасында Тверь көшесі тұтас жабылған. Полицейлер ары-бері өткендердің бәрін ұстап, тіпті жерасты өткеліндегі адамдарды да автозакқа отырғызған. Олар адамдардың топтасуына мүмкіндік бермей, әкімдік маңынан қууға тырысқан.
2/15 Полиция қызметкерлері акцияға таңертеңнен бастап дайындалған. Жергілікті әкімдік маңындағы Юрий Долгоруков ескерткішін темір қоршаулармен қоршап, Тверь көшесіне қаз қатар автозактар тізіп қойған. Жергілікті уақыт бойынша күндізгі сағат 12.30 шамасында Тверь көшесі тұтас жабылған. Полицейлер ары-бері өткендердің бәрін ұстап, тіпті жерасты өткеліндегі адамдарды да автозакқа отырғызған. Олар адамдардың топтасуына мүмкіндік бермей, әкімдік маңынан қууға тырысқан.
Полиция азаматтарды ұстай бастаған кезде көпшілік "Өткіз!",  "Путинсіз Ресей", "Чекистер билігі жойылсын!" деп ұрандатқан.

3/15 Полиция азаматтарды ұстай бастаған кезде көпшілік "Өткіз!",  "Путинсіз Ресей", "Чекистер билігі жойылсын!" деп ұрандатқан.

Күштік құрылымдар жергілікті әкімдік ғимараты маңына адамдарды жібермеді.
4/15 Күштік құрылымдар жергілікті әкімдік ғимараты маңына адамдарды жібермеді.
Бірақ кейбір жерлерде шерушілер полиция шебін бұза алды.

5/15 Бірақ кейбір жерлерде шерушілер полиция шебін бұза алды.

Полиция азаматтарды оқиға орнынан бір жаққа қарай тықсыра бастады.
6/15 Полиция азаматтарды оқиға орнынан бір жаққа қарай тықсыра бастады.
Пушкин алаңы маңында полиция көп адамды ұстады.

7/15 Пушкин алаңы маңында полиция көп адамды ұстады.

Полиция азаматтарды резеңке таяқпен ұрып, ұстады.
8/15 Полиция азаматтарды резеңке таяқпен ұрып, ұстады.
Ұсталғандар арасында әйелдер мен егде адамдар болды.
9/15 Ұсталғандар арасында әйелдер мен егде адамдар болды.
Кейіннен ұстаулар Арбат ауданы маңында жалғасты.

10/15 Кейіннен ұстаулар Арбат ауданы маңында жалғасты.

Полиция акцияға шамамен 3500 адам қатысты дейді.
11/15 Полиция акцияға шамамен 3500 адам қатысты дейді.
Олардың арасында 700 блогер және журналист болған дейді.
12/15 Олардың арасында 700 блогер және журналист болған дейді.
Нақты қанша адам ұсталғаны әзірге белгісіз. Жоғалған азаматтар көп.
13/15 Нақты қанша адам ұсталғаны әзірге белгісіз. Жоғалған азаматтар көп.
Шерушілер жергілікті дума сайлауына тәуелсіз кандидаттарды жіберуді талап етті.

14/15 Шерушілер жергілікті дума сайлауына тәуелсіз кандидаттарды жіберуді талап етті.

Бірақ қалалық сайлау комиссиясы бұл талаптарды орындаудан бас тартып, шеруді "арандату" деп атады.

15/15 Бірақ қалалық сайлау комиссиясы бұл талаптарды орындаудан бас тартып, шеруді "арандату" деп атады.

Previous slide
Next slide

Тәуелсіз кандидаттар алдағы уақытта жаңа шеру өткізетінін айтып отыр.

Бұған дейін ондаған оппозициялық және тәуелсіз кандидаттар саяси себеппен өздерін Мәскеу қалалық дума сайлауына жібермей отырғанына шағымданған еді. Олардың басым бөлігінің айтуынша, сайлау комиссиясы оларды қолдайтын азаматтардың қолын тіркеуден бас тартқан.​

• Мәскеу қалалық думасына сайлау 8 қыркүйекте өтеді. Бір мандаттық округ бойынша барлығы 45 депутат сайланады. Парламентке енбеген партияға мүше адамдар сайлауға қатысу үшін бірнеше мың сайлаушы қолын жинауы керек.
• Кейбір дерекке қарағанда, рейтингісі төмен болуына байланысты "Единая Россия" депутаттарын сайлауға ұсынбаған. Олар өзін-өзі ұсынған кандидат ретінде сайлауға қатыспақ.
• Сайлауға тіркеле алмаған тәуелсіз кандидаттар арасында мәскеулік депутаттар Илья Яшин, Юлия Галямина, Жемқорлықпен күрес қорының өкілі Любовь Соболь, Иван Жданов, саясаткерлер Дмитрий Гудков, Сергей Митрохин бар.​
XS
SM
MD
LG