Accessibility links

Жээнбеков Қомыз күнін атап өту туралы қаулыға қол қойды


Киіз үй ішінде қомыз шертіп отырған жігіт. Көрнекі сурет.

Бүгін, 29 шілдеде Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков "Қомыз күнін" тойлау туралы қаулыға қол қойды. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметіне сілтеп, Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.

Қаулыға сәйкес, жыл сайын 9 қыркүйекте Қырғызстанда Қомыз күні атап өтіледі (қомыз - қырғыздың ұлттық музыкалық аспабы). Мерекені ұйымдастыру жауапкершілігі Мәдениет, ақпарат және туризм министрлігіне жүктелген.

Баспасөз қызметі таратқан хабарламада "Қырғыз халқының дәстүрлі мәдениетінде қомыздың орны ерекше. Қомыз әуендерінде философиялық ой, өмір салты мен мәдениет ғұрпы бар. Олар ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, бізге жетті. Қазіргі уақытта қомызға жаңаша мән беруіміз керек. Қомыз қырғызстандықтар мәдениеті алуандығының бірлігі символына айналуы тиіс" деп жазылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG