Accessibility links

Мәскеу билігі "шеруге рұқсат бердік" десе, белсенділер ол жайлы естімеген


Мәскеудегі митинг. 27 шілде, 2019 жыл.
Мәскеудегі митинг. 27 шілде, 2019 жыл.

Мәскеу билігі қалалық дума сайлауына өтпей қалған тәуелсіз кандидаттарды қолдайтын 100 мың адам қатысатын митингіні өткізуге рұқсат бергенін айтады. Митинг 10 тамызда академик Сахаров даңғылында өтпек. Бұл туралы Мәскеу мэриясының өкілі Василий Олейникке сілтеме жасаған «Интерфакс» агенттігі хабарлады. Олейниктің сөзінше, митинг өткізу туралы өтінішті бір топ адам түсірген. Олардың арасында Елена Русакова, муниципалды депутат пен сайлауға тіркеле алмаған кандидат болған.

Алайда 10 тамыздағы митингіге байланысты ешқандай құжат алмағанын айтқан Русакова бұл ақпаратты жалған деп отыр. Бұған дейін белсенділердің митингіні басқа орында өткізуді ұсынғаны, мэрияның бұл ұсыныспен келіспегені хабарланған.

Мәскеу қалалық думасы сайлауына оппозициялық кандидаттарды өткізуді талап еткен митингілер шілденің ортасынан бері өтіп жатыр. 27 шілдеде өткен митингіге мыңдаған адам жиналып, полиция 1400-ге жуық адамды ұстаған. Тергеу комитеті жаппай тәртіпсіздік туралы іс қозғап, әзірге төрт адам айыпталып отыр.

Кезекті наразылық 3 тамызда өтпекші. Билік бұл акцияға рұқсат бермеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG