Accessibility links

Сот Мәскеудегі митингіге байланысты бес адамды қамады

Кирилл Жуков сот отырысы кезінде. 2 тамыз 2019 жыл.
Кирилл Жуков сот отырысы кезінде. 2 тамыз 2019 жыл.

Мәскеудің Пресненский соты 27 шілдедегі митингіге қатысқаны үшін бес азаматты екі айға қамады. Бұл ақпаратты Азаттықтың Орыс қызметі хабарлады.

Кирилл Жуков, Иван Подкопаев, Алексей Миняйло, Егор Жуков және Самариддин Раджабовқа "жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру" ісі бойынша айып тағылды.

Бұған дейін Подкопаев "бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзғаны үшін" сегіз күнге қамалған. 1 тамызға қараған түні оны тергеуге әкетті. 28 жастағы Кирилл Жуковқа әуел баста акцияға қатысқаны үшін айыппұл салынған. Кейіннен тергеу комитеті оған да жаңа айып тақты. Жуковтың адвокаты ұсталған сәттен бері оның аштық жариялап жатқанын айтты. Іс материалдарына сәйкес, 21 жастағы Самариддин Раджабов митингі болған күні Росгвардия жасақтарына пластик бөтелке лақтырған. Бөтелке сарбаздардың біріне қатты тиген. Раджабов бұған дейін 10 күнге қамалған еді. Ол сотта митингіге кездейсоқ тап болғанын, арнайы бармағанын айтқан.

Ал видемәлімдеме таратқан Алексей Миняйло 27 шілде күнгі митингіге қатыспағанын, себебі оны акция алдында ұстап әкеткенін айтқан. Ол елін жақсы көретіндіктен осындай жағдайға тап болғанын жеткізген. Сот оны 27 қыркүйекке дейін қамау туралы шешім шығарды.

21 жастағы студент Егор Жуковты да сот 27 қыркүйекке дейін қамады. Сот отырысы кезінде әкесі темір тордан оған су бермек болып еді, сот айдауылдары бұған рұқсат бермеді.

"Агора" құқық қорғау ұйымының жетекшісі Павел Чиковтың хабарлауынша, "жаппай тәртіпсіздік" ісі бойынша 84 тергеуші жұмыс істеп жатыр. Оны "Полицияға күш қолдану" ісімен біріктірген.

27 шілдеде Мәскеу орталығында бірнеше мың адам қатысқан митингі өткен. Оған қатысушылар тәуелсіз кандидаттарды қалалық дума сайлауына жіберуді талап еткен. Акция барысында мыңнан астам адам ұсталған. Акцияны тарату үшін полиция күш қолданды. Ондаған адам жараланды. Тергеу комитеті "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру" және "полицияға күш қолдану" бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Қарай отырыңыз: Мәскеудегі шеру қалай өтті? (27 шілде 2019 жыл).

Мәскеудегі бейбіт шеру: мыңнан астам адам ұсталды, ондаған шеруші жараланды

Полиция қызметкерлері жергілікті депутат Александра Парушинаны резеңке таяқпен ұрған. Ол есінен танып қалды.
1/15 Полиция қызметкерлері жергілікті депутат Александра Парушинаны резеңке таяқпен ұрған. Ол есінен танып қалды.
Полиция қызметкерлері акцияға таңертеңнен бастап дайындалған. Жергілікті әкімдік маңындағы Юрий Долгоруков ескерткішін темір қоршаулармен қоршап, Тверь көшесіне қаз қатар автозактар тізіп қойған. Жергілікті уақыт бойынша күндізгі сағат 12.30 шамасында Тверь көшесі тұтас жабылған. Полицейлер ары-бері өткендердің бәрін ұстап, тіпті жерасты өткеліндегі адамдарды да автозакқа отырғызған. Олар адамдардың топтасуына мүмкіндік бермей, әкімдік маңынан қууға тырысқан.
2/15 Полиция қызметкерлері акцияға таңертеңнен бастап дайындалған. Жергілікті әкімдік маңындағы Юрий Долгоруков ескерткішін темір қоршаулармен қоршап, Тверь көшесіне қаз қатар автозактар тізіп қойған. Жергілікті уақыт бойынша күндізгі сағат 12.30 шамасында Тверь көшесі тұтас жабылған. Полицейлер ары-бері өткендердің бәрін ұстап, тіпті жерасты өткеліндегі адамдарды да автозакқа отырғызған. Олар адамдардың топтасуына мүмкіндік бермей, әкімдік маңынан қууға тырысқан.
Полиция азаматтарды ұстай бастаған кезде көпшілік "Өткіз!",  "Путинсіз Ресей", "Чекистер билігі жойылсын!" деп ұрандатқан.

3/15 Полиция азаматтарды ұстай бастаған кезде көпшілік "Өткіз!",  "Путинсіз Ресей", "Чекистер билігі жойылсын!" деп ұрандатқан.

Күштік құрылымдар жергілікті әкімдік ғимараты маңына адамдарды жібермеді.
4/15 Күштік құрылымдар жергілікті әкімдік ғимараты маңына адамдарды жібермеді.
Бірақ кейбір жерлерде шерушілер полиция шебін бұза алды.

5/15 Бірақ кейбір жерлерде шерушілер полиция шебін бұза алды.

Полиция азаматтарды оқиға орнынан бір жаққа қарай тықсыра бастады.
6/15 Полиция азаматтарды оқиға орнынан бір жаққа қарай тықсыра бастады.
Пушкин алаңы маңында полиция көп адамды ұстады.

7/15 Пушкин алаңы маңында полиция көп адамды ұстады.

Полиция азаматтарды резеңке таяқпен ұрып, ұстады.
8/15 Полиция азаматтарды резеңке таяқпен ұрып, ұстады.
Ұсталғандар арасында әйелдер мен егде адамдар болды.
9/15 Ұсталғандар арасында әйелдер мен егде адамдар болды.
Кейіннен ұстаулар Арбат ауданы маңында жалғасты.

10/15 Кейіннен ұстаулар Арбат ауданы маңында жалғасты.

Полиция акцияға шамамен 3500 адам қатысты дейді.
11/15 Полиция акцияға шамамен 3500 адам қатысты дейді.
Олардың арасында 700 блогер және журналист болған дейді.
12/15 Олардың арасында 700 блогер және журналист болған дейді.
Нақты қанша адам ұсталғаны әзірге белгісіз. Жоғалған азаматтар көп.
13/15 Нақты қанша адам ұсталғаны әзірге белгісіз. Жоғалған азаматтар көп.
Шерушілер жергілікті дума сайлауына тәуелсіз кандидаттарды жіберуді талап етті.

14/15 Шерушілер жергілікті дума сайлауына тәуелсіз кандидаттарды жіберуді талап етті.

Бірақ қалалық сайлау комиссиясы бұл талаптарды орындаудан бас тартып, шеруді "арандату" деп атады.

15/15 Бірақ қалалық сайлау комиссиясы бұл талаптарды орындаудан бас тартып, шеруді "арандату" деп атады.

Previous slide
Next slide

XS
SM
MD
LG