Accessibility links

Қытай Трамптың қарулану бойынша жаңа келісіміне қосылудан бас тартты


АҚШ және Қытай тулары. Көрнекі сурет.
АҚШ және Қытай тулары. Көрнекі сурет.

Қытай қарулану бойынша АҚШ пен Ресей арасында жасалатын жаңа келісімге қосылудан бас тартты. Мұндай келісім болатынын АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеген. Бірақ келісімнің жай-жапсары әзірге белгісіз.

БҰҰ-дағы Қытай елшісі Чжан Цзюнь 2 тамызда Пекин "Орта және қысқа қашықтыққа арналған ядролық зымырандарды жою" келісімі күшінің жойылғанына өкініш білдіреді, бірақ Қытай Трамп шақырды екен деп қарулану бойынша жаңа келісімге қосылады деп ойламаймын деген.

2 тамызда осыдан 32 жыл бұрын қол қойылған зымыран туралы келісімнің күші жойылған еді. Оған сәйкес, совет үкіметі мен АҚШ радиусы 500-5500 шақырым болатын баллистикалық және қанатты зымырандарды құрастырмауға өзара келіскен еді. Келісімге сол кездегі АҚШ президенті Рональд Рейган мен Совет одағының жетекшісі Михаил Горбачев қол қойып, 1988 жылы келісім күшіне енген.

Қарай отырыңыз: Әлемде қанша зымыран бар? ("Настоящее время" видеосы, орыс тілінде).

Сколько ракет в мире и как работал ДРСМД?
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:06 0:00

Зымыран туралы келісім күшінің жойылуына Вашингтон мен Мәскеудің бір-бірін "келісім-шартты бұзды" деп айыптауы себеп болған. Бұған дейін АҚШ пен НАТО ресейлік 9М729 "Новатор" қанатты зымыраны (SSC-8 деп те атайды) келісімде көрсетілген шектен алысқа ұшады деп Мәскеуді бірнеше рет айыптаған. Ресей мұны терістеп, келісім шарттарын АҚШ-тың өзі бұзып отыр деп мәлімдеген. Вашингтон бұл айыпты жоққа шығарған.

Сарапшылар бұл келісімнің жойылуы Ресей мен АҚШ арасындағы қарулану бәсекесін күшейтеді деп қауіптенеді.

Дональд Трамп 2 тамызда журналистерге ядролық қаруды азайту мақсатында Ресеймен жаңа келісімге қол қойғысы келетінін, оған Қытай да қосылғанын құп көретінін айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG