Accessibility links

Огайо штатында атыс болды, 9 адам қаза тапты


Эль-Пасодағы оқиға маңында жүрген полиция қызметкерлері.
Эль-Пасодағы оқиға маңында жүрген полиция қызметкерлері.

АҚШ-тың Огайо штатындағы Дейтон қаласында белгісіз біреу жұртқа оқ жаудырып, кемінде 9 адам қаза тапты. Бұл ақпаратты 4 тамызда қала полициясы хабарлады. Оқ атқан адамды полиция атып өлтірген. 16 адам жараланып, ауруханаға түскен.

Атыс қаладағы түнгі ойын-сауық орындары орналасқан аумақта болған. Әзірге оқиғаның жай-жапсары белгісіз, полиция шабуылдаушының не себепті көпке оқ атқанын айтпады.

Бұл - АҚШ-та бір тәулік ішінде көп адам зардап шеккен екінші оқиға. 3 тамызда Эль-Пасо қаласындағы (Техас штаты) сауда орталығында болған атыстан кемінде 20 адам қаза тауып, 26 адам жараланған еді. Билік бұл оқиғаны жек көру сипатындағы қылмыс ретінде бағалады. 21 жастағы Патрик Крузиус атыс болмай тұрып, интернетте нәсілшілдік сипатындағы манифест жариялаған. Латын Америкадан келген мигранттармен күресу қажеттігін айтып, қылмысын ақтауға тырысқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG