Accessibility links

"Тальгода" зорланған әйел жолсеріктерге шыққан үкімге наразылығын білдірді


"Тұлпар-Тальго" пойызында зорланған әйел зорлыққа қарсы жиында сөйлеп отыр. Нұр-Сұлтан, 12 тамыз 2019 жыл.

"Тұлпар-Тальго" пойызында жолсеріктер зорлаған әйел 12 тамызда Нұр-Сұлтанда өткен "әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау" жиында оқиғаға қатысты пікірін айтып, сот үкіміне наразылығын білдірді.

"Зорлыққа ұшыраған әйел ретінде айтарым, зорлық-зомбылықтың жазасын күшейту керек. 2,5 жыл әділ шешім деп ойлайсыздар ма? Балалар мен әйелдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етемін. Егер вагонда камера болғанда зорланғанымды осыншама уақыт дәлелдеп жүрмес едім. Екінші зорлаған жолсерік өзімен бірге ылғи мүшеқап болатынын айтты. Бірінші жолсерікке мүшеқапты "Қазақстан теміржолы" қызметкері берді. Бәрі келіп, зорлаған жолсеріктің баласы бар деп айтты. Мен ше? Егер отбасың жоқ болса, зорлай беруге бола ма?" деді ол.

Былтыр қыркүйекте Нұр-Сұлтаннан Ақтөбеге бару үшін "Тұлпар-Тальго" пойызына мінген жолаушыны түнде купеге өз кілттерімен кірген екі жолсерік зорлаған. Кейін жәбірленуші "НеМолчиKZ" қоғамдық қорынан көмек сұраған. Ал қор жетекшісі Дина Смаилова бұл оқиға жайлы өзінің Facebook парақшасына жариялағаннан кейін көпшілік назар аударды.

26 шілдеде Қостанай соты "Тұлпар-Тальго" пойызында ақтөбелік әйелді зорлады деп айыпталған екі жолсерікке үкім шығарды. Судья Оразбай Сатыбалды айыпталушылар Жетес Үмбеталиев пен Қолғанат Құрманиязовты Қылмыстық кодекстің "Зорлық" бабы бойынша кінәлі деп танып, 2,5 және 2 жыл үш айға соттады. Сотта прокурор оларды алты жылға соттауды сұраған еді. Кейін қоғамда сот шешіміне наразылық күшейіп, елдің көлік прокуратурасы сот үкіміне апелляциялық шағым түсірген.

Зорлыққа ұшыраған әйел 12 тамыздағы жиында пойызда "ешқандай сыра ішпегенін, сау болғанын" айтты. Ол жолсеріктердің "бәрі келісіммен болды" деген сөзін жоққа шығарды. Әйел "жолсеріктер мен тергеушілер бұл істе жабуға тырысқанын" мәлімдеді.

"Жолсеріктердің туысқандары менің жақындарымның артына түсіп алды. Биологиялық экспертиза өтті. Екі айыпталушының қан тобы бір екен. Сараптамада бірінші айыпталушы анықталды. Екіншісі анықталмады. Ал геномды сараптамада екінші айыпталушы да анықталды" деді ол.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Ақтөбеде жедел жәрдем қызметкерлері өтемақы алмағанына наразы
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:01 0:00
XS
SM
MD
LG