Accessibility links

Қатерлі ісікке шалдыққан сотталушыны онкология орталығына апарды


уыр дертке шалдыққан тұтқын Гаухар Құдабаевны түрмеден ауруханаға жеткізген сәт. Алматы облысы, 20 маусым 2019 жыл.
уыр дертке шалдыққан тұтқын Гаухар Құдабаевны түрмеден ауруханаға жеткізген сәт. Алматы облысы, 20 маусым 2019 жыл.

ЛА-155/4 әйелдер түрмесінде жазасын өтеп жатқан, қатерлі ісікке шалдыққан Гаухар Худабаевны 12 тамызда Алматы аудандық онкологиялық диспансеріне екінші рет химия терапея алуға жатқызды.

Бұл туралы Азаттыққа түрме жетекшісі Думан Рахманов хабарлады. Бұл ақпаратты Алматы облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің медициналық көмек бөлімі растады. Ал диспансер Худабаеваның емделіп жатқанын мәлімдеді.

6 тамызда онкологиялық диспансер Худабаеваны «анализдері жарамайды» деп емге қабылдамай қойған. Кейін оны Алматы облысы Іле ауданы ауруханасындағы "бауырын тазартқан". 9 тамызда Худабаеваны онкологиялық диспансер "орын жоқ" деп Жауғашты түрмесіне қайтарған.

Сотталған әйелге қатерлі ісік диагнозы 11 маусымда қойылған. Худабаева алғашқы химиотерапия сеансынан 20-27 маусым күндері Алматыдағы аудандық онкология диспансерінде өтіп, әйелді қайта түрмеге жіберген. Мекеме басшылығы есірткі қылмысын жасады деген айыппен 2016 жылы 15 жылға сотталған Худабаеваның "түрмеге түскенде сырқаты болғанын" айтады.

Оқи отырыңыз: "Ем жоқ. Дертім жанымды жейді". Қамаудағы сырқаттың күні

Қазақстан мен шетел құқық қорғаушылары Қазақстан түрмелеріндегі сотталушылар ахуалын бірнеше рет сынаған. Биыл наурызда АҚШ үкіметі 2018 жыл бойынша әлемдегі адам құқықтары туралы есебін жариялады. Құжаттың 44 беті Қазақстанға арналған. Құжатта Қазақстан түрмелеріндегі адам төзгісіз ахуал сипатталып, қамау орындарындағы денсаулық сақтау жүйесінің халықаралық стандартқа сай еместігі көрсетілген. Есеп бойынша, Қазақстандағы түрмелерде жазасын өтеушілердің денсаулық жайына жеткілікті назар аударылмайды, мамандар мен дәрі-дәрмек жетпейді.

  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG