Accessibility links

Қарағанды облысындағы ұлттық парк орманы өртеніп жатыр


Орман өрті. Көрнекі сурет.
Орман өрті. Көрнекі сурет.

Қарағанды облысындағы Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағы өртеніп жатыр. Бұл туралы бүгін, 13 тамызда Қазақстан төтенше жағдай жөніндегі комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Комитеттің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметтің айтуынша, дүйсенбі күні кешке Қарқаралы ауданындағы Егіндібұлақ ауылынан 30 шақырым жердегі ұлттық парк аумағындағы Бақты орманшылығында қураған шөптің тұтанып, "оттың орманға өтіп кеткені" туралы хабар түскен.

Алдын ала дерек бойынша, орманда өрт шарпыған аумақ 70 гектарға жуықтайды.

Нұрахмет "өртті бақылау үшін парк төбесінде тікұшақ жүргенін" айтады.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG