Accessibility links

Сот шешіміне наразылар тағы да президент әкімшілігіне барды


Сот шешіміне наразылар президент әкімшілігінің алдында тұр. Нұр-Сұлтан, 13 тамыз 2019 жыл.
Сот шешіміне наразылар президент әкімшілігінің алдында тұр. Нұр-Сұлтан, 13 тамыз 2019 жыл.

13 тамызда Нұр-Сұлтанда сот шешімімен келіспейтін қырыққа жуық адам Қазақстан президент әкімшілігіне келді. Олардың арасында Алматы, Тараз, Қостанай, Семей, Шымкент, Көкшетау, Өскемен қаласынан келгендер бар. Наразы жұрт Жоғарғы соттың төрағасы Жақып Асановтың отставкасын талап етіп, биліктен сот шешімін қайта қарайтын комиссия құруды сұрады. Жиналғандар бірігіп жазған арызға қырыққа жуық адам қол қойған. Қол қойғандар арасында он шақты адамның өкілі ретінде келгендер де бар.

Сот шешіміне наразылар «билік шағымымызға қағаз жүзінде ғана жауап беріп жатыр» дейді. Президент әкімшілігіне келгендерге полицейлер не билік өкілдері кедергі келтірген жоқ.

Наразы топты президент әкімшілігіне белсенді Санавар Закирова бастап келді. Ол өткен айда бейбіт митинг өткізу ережесін бұзды деп бес күнге қамалып шыққан. Өткен айда да сот шешіміне наразылар Қазақстан президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуді талап еткен. Бірақ оларға Тоқаев шықпаған.

Закирова «барлық мәселе Жоғарғы сот жақтан шығып жатыр» деді. Белсенді өткен айда Нұр-Сұлтан әкімдігінен «Сот жүйесіндегі заң бұзушылықтар және заңсыз сот шешімдері» деген митинг өткізуге рұқсат сұраған. Бірақ жергілікті билік Закированың өтінішін кері қайтарған. Кейін белсенді митингіге рұқсат бермеген әкімдікті сотқа беріп, істі Нұр-Сұлтан соты қарап жатыр.

Сот шешіміне наразы болып жүргендер алдағы күнді Ұлттық қауіпсіздік комитетіне (ҰҚК) баратындарын айтты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG