Accessibility links

Израиль АҚШ конгресіне мүше екі мұсылман әйелді елге кіргізбеуді ұйғарды


АҚШ конгресі өкілдер палатасының мүшелері Илхан Омар (сол жақта) мен Рашида Тлаиб.
АҚШ конгресі өкілдер палатасының мүшелері Илхан Омар (сол жақта) мен Рашида Тлаиб.

Израиль АҚШ конгресінің өкілдер палатасы мүшелері демократтар Рашида Тлаиб пен Илхан Омардың ел аумағына кіруіне тыйым салды. Ол екеуі - АҚШ конгресіне сайланған алғашқы мұсылман әйелдер.

Тлаиб пен Омар АҚШ президенті Дональд Трамп пен Израильдің Палестина автономиясына қатысты саясатын сынаған. Олар палестиналық "Бойкот, инвестиция мен санкциядан бас тарту" қозғалысын қолдаған. Израиль заңы бойынша, қозғалыс жақтастарын ел аумағына кіргізуге тыйым салынуы мүмкін.

Президент Трамп Twitter-дегі парақшасына "егер Израиль Тлаиб пен Омарды қабылдауға келіссе, әлсіздік танытқан болар еді" деп жазған.

АҚШ конгресіндегі демократтар лидері Нэнси Пелоси Израиль билігінің шешіміне қатты қобалжығанын мәлімдеді. Сенаттағы демократтар жетекшісі Чак Шумер Израиль үкіметін Тлаиб пен Омар жайлы шешімін өзгертуге шақырды. Омар бұл тыйымды қорлау деп қабылдады. Тлаиб Израиль шешімін әлсіздік деп атады. Алайда ол болашақта сапардың сәті түсер деген үміті барын жеткізді.

Шілде айында АҚШ-тың Израильдегі елшісі Рон Дремер Израиль үкіметі АҚШ конгресі мен екі ел арасындағы қарым-қатынасына деген құрмет белгісі ретінде Тлаиб пен Омардың келуіне рұқсат береді деп айтқан.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG