Accessibility links

Африка жағалауында пираттар үш ресейлікті тұтқынға алды


Ресей сыртқы істер министрлігінің ғимараты.
Ресей сыртқы істер министрлігінің ғимараты.

Камерун жағалауында пираттар жүк кемесіне шабуылдап, бес экипаж мүшесін тұтқынға алды. Олардың арасында Ресейдің үш азаматы бар. Бұл туралы Ресей сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Германиялық MC-Schiffahrt компаниясының мәлімдеуінше, Камерунның Дуала қаласындағы портта тұрған компания кемесіне 14 тамызда пираттар шабуылдаған. Штаб-пәтері Гамбург қаласында орналасқан компания қазір ұсталған экипаж мүшелерін босату үшін жұмыс істеп жатқандарын хабарлады.

Ресей сыртқы істер министрлігі ел дипломаттары Камерун билігімен және кеме иелерімен ресейлік азаматтарды босату жағын ойластырып жатқанын мәлімдеді. Ұсталған екі адамның қай ел азаматы екені айтылмады.

Батыс Африкада пираттар жүк көліктеріне жиі шабуылдап, тонайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG