Accessibility links

Украинада отель өртеніп, сегіз адам қаза тапты


Қонақүйдегі өрт.
Қонақүйдегі өрт.

17 тамызда Украинаның Одесса қаласындағы Tokyo Star қонақүйінде өрт шығып, сегіз адам мерт болды. Бұл туралы Украина төтенше жағдай министрлігі хабарлады.

“Сегіз адам өрттен көз жұмды. Он адам құтқарылды” деп мәлімдеді министрлік.

Қонақүй түн ортасында өртенген. Төтенше жағдай мамандары өрт себебін, қонақүйде қанша адам болғанын ашып айтпады. Өрт шыққан отельде 273 бөлме болған.

Министрліктің хабарлауынша, өрт аумағы мың шаршы метрге дейін жеткен. Жалынды сөндіруге үш сағаттай уақыт кеткен. Бұл оқиға бойынша тергеу басталды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG