Accessibility links

Алматы облысында үшінші рет жер сілкінді


18 тамызда жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 9:12 кезінде Алматыдан солтүстікке қарай 78 шақырымда жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік орталығы хабарлады.

4,9 магнитудалы жер сілкінісінің ошағы жердің 20 километр терең қабатында болған. Энергетикалық класы – 9.6.

МSК-64 шкаласымен 2-3 балл жерасты дүмпуі Қапшағайда сезілген.

Соңғы бірнеше сағатта Алматы облысында осымен үшінші жер сілкінісі тіркелді. Жексенбіде Астана уақытымен таңертеңгі сағат 5:07 кезінде Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 245 километрде болған жерасты дүмпуі Жаркентте (МSК-64 шкаласымен 4-5 балл), Талдықорғанда (2-3 балл) және Саты ауылында (2-3 балл) сезілген.

Екінші рет сағат 6:38 кезінде жер сілкінісі тағы қайталанған. 4,6 магнитудалы жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 245 километрде болған сілкініс ошағы жердің 10 километр терең қабатында болған.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG