Accessibility links

Ақмола облысында сібір жарасы шыққан ауылда карантин жарияланды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан денсаулық министрлігі Ақмола облысы Аршалы ауданы Ольгинка ауылында сібір жарасына байланысты карантин жариялады. Бұл туралы министрлік 19 тамызда хабарлады.

Ведомство қазір ауылда сібір жарасын кем дегенде төрт адам жұқтырғанын хабарлады. Министрлік мәлімдемені әлеуметтік желіде ауылдағы жағдайға қатысты ресми ақпарат жоқ деген сын күшейген тұста жариялады.

Денсаулық министрлігі Нұр-Сұлтаннан 80 шақырымда орналасқан ауылға ешкім кіргізілмейтінін және ешкім шығарылмайтынын хабарлады.

Ведомствоның мәлімдеуінше, дерт тұрғындардың жекеменшігіндегі сиырды ветеринарлардың куәлігінсіз сойғаннан тараған.

«Ольгинко ауылына қораларды тексеру үшін үш медициналық қызметкер жіберілді. Медициналық мекеме толықтай дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілді» деді министрлік.

Мал иесінің сөзінше, сиырды бес адам сойған. Кейін осы бес адам 13-15 тамызда ауруханаға түскен.

Ауыл шаруашылығы министрлігі сібір жарасы Ольгинка ауылында жаппай тарамағанын, бірақ анализ қорытындылары сібір жарасының вирусы топырақта бары анықталғанын мәлімдеді.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәлімдеуінше, 16 тамызда Ольгинка ауылында сібір жарасы дертінің анализдер алынған. Кейін 17 тамызда министрлік ауылда карантин жариялады. Үкіметтің дерегінше, соңғы жиырма жылда Қазақстанда сібір жарасы жиі анықталады. Тек 2013 және 2017 жылы ғана елде сібір жарасы тіркелмеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG