Accessibility links

АҚШ құрлықтағы қанатты зымыранын сынақтан өткізді


АҚШ Тынық мұхиттағы полигонында қанатты зымыранын сынақтан өткізіп жатыр. 18 тамыз 2019 жыл.
АҚШ Тынық мұхиттағы полигонында қанатты зымыранын сынақтан өткізіп жатыр. 18 тамыз 2019 жыл.

АҚШ қорғаныс министрлігі құрлықтағы қанатты зымыранын сынақтан өткізгенін хабарлады. Әскери ведомствоның ақпаратында 18 тамызда Калифорниядағы Сан-Николас аралынан ұшырылған зымыранның 500 километр қашықтағы нысанаға дөп тигені айтылған.

Пентагон бұл сынақты АҚШ пен Совет одағы (Ресей) 1987 жылы бекіткен орта және қысқа қашықтыққа арналған ядролық зымырандар туралы келісім күші жойылғаннан кейін іске асырды.

Келісім шарты АҚШ пен Ресей қарулы күштеріне 500 километрден 5500 километрге дейін ұша алатын құрлықтағы зымырандарды сынақтан өткізуге тыйым салатын. Осы келісімнен биыл 2 тамызда шыққан АҚШ әкімшілігі бұл шешімге Ресейдің екіжақты уағдаластықты көп уақыт бойы бұзып келгені себеп болды деп мәлімдеген.

Мәскеу Вашингтонның айыптауын жоққа шығарған.

Қарай отырыңыз: Әлемде қанша зымыран бар? ("Настоящее время" видеосы, орыс тілінде).

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG