Accessibility links

"Победа" шыңында жоғалған альпинистерді әлі іздеп жатыр


Қырғызстандағы «Победа» шыңында жоғалып кеткен екі қазақстандық альпинист Мұрат Өтепбаев пен Андрей Корнеевті іздеу әлі жалғасып жатыр.

18 тамызда альпинистердің туысқандары олардың жоғалып кеткенін айтқан. Алдын ала дерек бойынша, Өтепбаев пен Корнеевтің жанында болған тағы бір альпинист Александр Чечулин қаза тапқан.

20 тамызда альпинист, Қарулы күштердің капитаны Мақсұт Жұмаев және тағы екі әскери альпинист тікұшақпен іздеу жұмыстарына аттанған. Тікұшақ оларды «Инылчек» базасына дейін жеткізіп тастайды. Альпинистер әрі қарай іздеу жұмыстарын жаяу жалғастырмақ. Іздеу шараларына қырғызстандық альпинистер де қатысады.

«Победа» шыңы Қырғызстан мен Қытай шекарасындағы Какшаал-Тоо жотасында орналасқан. Биіктігі – 7439 метр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG