Accessibility links

Боксшы Елеусінов қыркүйекте америкалық Хикспен рингке шығады


Азия ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов.

Британдық Matchroom промоутерлік компаниясы қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің 13 қыркүйекте Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында АҚШ өкілі Решард Хикспен кездесетіні туралы ресми жариялады деп хабарлайды vesti.kz сайты.

34 жастағы Решард Хикс бұған дейін кәсіпқой рингте өткізген 13 жекпе жектің 12-іне жеңіске жетіп (6 нокаут), бір рет тең түскен.

2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен олимпиада чемпионы, 28 жастағы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін 2018 жылы сәуірде өткізген. Содан бері ол жеті рет жекпе-жекке шығып, барлығында жеңіске жеткен, үш кездесуде нокаутпен ұтқан.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG