Accessibility links

"Победа" шыңында жоғалған альпинистерді іздеу қайта жалғасты


Қазақстан ішкі істер министрлігі төтенше жағдай комитеті "Победа" шыңында жоғалған екі альпинист Мұрат Өтепбаев пен Андрей Корнеевті іздестіруді қайта жалғастырды. Комитеттің хабарлауынша, 22 тамызда Алматы уақытымен таңғы сағат 8.40 шамасында Ми-171 тікұшағы Алматы облысынан Қырғызстанға ұшып шыққан.

Түстен кейін, 13.30 шамасында қорғаныс министрлігі қазақстандық әскерилер "Победа" шыңын 14 рет айналып өткенін хабарлады.

Министрлік тікұшақ 5100-6000 метрге дейін көтеріліп, тау бөктеріне 70 метрге дейін жақындағанын айтты. Іздеу операциясының жетекшісі Василий Пивцовтың сөзінше, шыңнан тірі адам немесе мәйіт байқалмаған. Қорғаныс министрлігі "Победа" шыңына құтқарушы альпинистерді жіберу қауіпті екенін хабарлады.

Өтепбаев пен Корнеевтің жанында болған тағы бір альпинист Александр Чечулин қаза тапқан.

Қазақстандық үш альпинист "Победа" шыңын бағындырмақ болған. Алдын ала дерек бойынша, олар қар көшкініне тап болған. Төтенше жағдай комитетінің болжауынша, альпинистер 6600 метрге дейін шығып, кейін түсе алмай қалған.

18 тамызда альпинистердің туысқандары олардың жоғалып кеткенін айтқан. 19 тамызда төтенше жағдай комитеті мен қорғаныс министрлігі іздеу операциясын бастаған.

"Победа" шыңы Қырғызстан мен Қытай шекарасындағы Какшаал-Тоо жотасында орналасқан. Биіктігі – 7439 метр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG