Атыраудағы Махамбет Өтемісұлы атындағы Қазақ драма театрының ғимараты өртенді. Бұл туралы 22 тамызда ІІМ төтенше жағдай комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Өрт шыққаны жайлы хабар 101 нөмеріне жергілікті уақыт бойынша 14.30-да түскен. Комитет өрттің 18.20-да сөндірілгенін хабарлады
Комитеттің ақпараты бойынша, өрт электр сымдарынан шығып, театрдың шатырына жайылған Жергілікті әкімдік өртті 7 техника, 55 өрт сөндіруші сөндіргенін хабарлады. Өрттен зардап шеккендер жоқ.
Атыраудағы театр – Қазақстандағы ескі өнер ордаларының бірі. Ол 1938 жылы 5 наурызда «Мұнайшы» клубының жанынан ашылған. Жергілікті «Мой город» сайтының жазуынша, театрға күрделі жөндеу жасалып, биыл мамырда қайта ашылған.
ПІКІРЛЕР