Accessibility links

АҚШ Гренландия аралында елшілік ашпақ


Гренландия аралы.

АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Конгресске Гренландия астанасы Нуукеде елшілік ашуды ұсынды. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік департаментінің хатына сілтеме жасаған Associated Press агенттігі хабарлады.

АҚШ Гренландиядағы елшілікті қайта ашуды жоспарлайды. Бұған дейін Нууке қаласында 1940-1953 жылдары АҚШ елшілігі болған. Вашингтон Нуукеде елшілік ашып, "арктикалық аймақтағы коммерциялық, экономикалық және саяси мүдделерін күшейтпек". Мемлекеттік департамент те "Нуукеде елшілік ашу маңызды" деп санайды.

Департаменттің хатында АҚШ-тың Копенгагендегі елшілігінде Гренляндия бойынша жауапты қызметкер тағайындалғаны жазылған. 2020 жылы елшілік ашылса, Нуукеде жеті қызметкер жұмыс істемек.

Өткен аптада Дональд Трамп Даниядан Гренляндия аралын сатып алу идеясын жариялаған. Трамптың бұл сөзі әлемде резонанс тудырды. Дания премьер-министрі Метте Фредериксен бұл идеяны “ақылға қонбайды” деп, Гренландияның сатылмайтынын жеткізген. Трамп қыркүйектің басына Данияға іссапармен баруы тиіс еді. Кейін ол Копенгагенге бармайтынын айтты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG