Accessibility links

Тәжік-қырғыз шекарасында тағы да жанжал болған


Қырғыз-тәжік шекара аймағы. Көрнекі сурет.
Қырғыз-тәжік шекара аймағы. Көрнекі сурет.

Қырғызстанның Тәжікстанмен шекаралас ауданында 24 тамыз күні болған жанжал салдарынан қырғызстандық екі азамат зардап шеккен деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі. Бұл екі оқиға Баткен облысында болған.

Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметінің мәліметінше, Жаны-Жер ауылындағы жергілікті тұрғынның екі ел арасында әлі бектілімеген шекаралық аймақта дуал салуына Тәжікстан азаматтары қарсылық білдіріп, екі жақ сөзге келіп қалған. Оның аяғын жанжалға ұласып, Қырғызстан құқық қорғау органы мен шекара қызметі өкілдері дау шыққан жерге барғанда тәжік азаматтары оларға тас лақтырған. "Жағдайды шиеленістірмеу мақсатында қырғыз шекарашылары әуе екі рет оқ атқаннан кейін тәжікстандықтар өз аумағына қашып кеткен" деп хабарлады Қырғыз шекара қызметі.

Қырғызстанның Лейлек аудандық әкімшілігі аппаратының жетекшісі Ермек Бахавадинов жанжал кезінде тас тиіп зардап шеккен қырғызстандық екі азаматтың бірі - милиция қызметкері ауруханаға жеткізілген деп айтты. Оның сөзінше, жергілікті тұрғын дауға себеп болған дуалды шекарадан жүз метр жерде Қырғызстан аумағында тұрғызбақшы болған.

Сонымен бірге сенбі күні түскен кейін Қырғызстанның Баткен облысындағы Кок-Таш ауылы аумағына Тәжікстанның Исфарин ауданы Ходжа-Айол елдімекенінің тұрғындары жиналып, Қырғызстан аумағы арқылы өтетін Аксай - Кок-Таш көлік жолын салуға қарсылық білдірген. Тәжік билігі өкілдері олармен сөйлескеннен кейін тұрғындар тараған.

Тәжікстан жағы шекарадағы оқиғалар туралы әзірге түсініктеме берген жоқ.

Өткен айдың 22-23 күндері Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасында екі елдің азаматтары арасында болған жанжал салдарынан тәжікстандық бір азамат қаза тауып, жиырмадан астам адам адам зардап шеккен болатын. 26 шілдеде Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков пен Тәдікстан президенті Эмомали Рахмон Ак-Сай (Қырғызстан) мен Ворух (Тәжікстан) ауылдары арасындағы шекара өтетін жерде кездескен. Сол күні екеуі Исфарада келіссөз өткізген. Кейін екіжақты келіссөз Ыстықкөлде жалғасқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG