Accessibility links

Алматы полициясы үш адамды көлікпен әдейі қаққан оқиғаны тексеріп жатыр


Алматы полициясы бір адамның әдейі үш адамды көлікпен қаққан оқиғасына қатысты тергеу басталғанын хабарлады. Полицияның дерегінше, оқиға 26 тамыз таңертең Алматыдағы Гагарин көшесінде болған. Бұл оқиға туралы желіде видео тарады.

Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек жергілікті Tengrinews.kz сайтына «екі топтың арасында жанжал шығып, кейін біреуі үш адамды көлікпен қағып, оқиға орнынан қашып кеткенін» айтты.

Полиция департаменті көлік табылып, күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Департамент «Жол ережесін бұзу», «Жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кету» және «Бұзақылық» баптары бойынша іс қозғаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG