Accessibility links

Қазақстан әл-Фарабидің 1150 жылдығын атап өтпек


Қазақстан теңгесінің ескі банкнотындағы әл-Фараби бейнесі.
Қазақстан теңгесінің ескі банкнотындағы әл-Фараби бейнесі.

Қазақстан 2020 жылы ғалым, философ Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын мемлекеттік деңгейде атап өтпек. 26 тамызда ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына дайындалу және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы қаулыға қол қойды.

Қаулыға сай, білім және ғылым министрлігі мемлекеттік комиссияның негізгі органы болмақ. Үкімет мемлекеттік комиссияға 2019 жылдың 1 қазанына дейін мерейтойды өткізу жоспарының жобасын ұсынуы тиіс. Ал комиссия жоспарды 2019 жылдың 1 қарашасына дейін бекітуі керек. Жоспардың жүзеге асуын президент әкімшілігі қадағалайды.

Қазақстан 2020 жылы әл-Фараби мерейтойымен қатар ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына да атап өтпек.

Философ, математик, ғалым әл-Фараби шамамен 870 жылдары қазіргі Қазақстан аумағында туған. Шамамен 951 жылдары Дамаскте (Сирия) өмірден өткен. Бірнеше ғылыми еңбектің авторы. «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» атты еңбек жазып қалдырған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG