Accessibility links

Түркіменстанда полиция банкоматқа кезекке тұрғандарды ұстайтын болған


Түркіменстанда банкоматтан ақща алуға кезекте тұрған адамдар. Көрнекі сурет.
Түркіменстанда банкоматтан ақща алуға кезекте тұрған адамдар. Көрнекі сурет.

Түркіменстанның шығысындағы Лебап облысында полиция банкоматтан ақша алу үшін ұзын-сонар кезекте тұрған адамдарды ұстайтын болған деп хабарлайды Азаттықтың Түркімен қызметі. Елде қолма-қол ақша тапшылығы байқалып отыр.

Азаттық тілшілерінің хабарлауынша, полиция ұсталғандардан жауап алған соң бұдан кейін кезекте тұрмауын талап етіп, босатып қоя берген.

Жергілікті мемлекеттік мекемелер мен өзге де ұйымдарда өткен жиындарда қызметкерлерге банкомат алдында кезекте тұрмауды ескерткен.

19 тамызда Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов жұрттың банкоматтан ақша алуға қалың кезекте тұратынын сынап, елдің орталық мемлекеттік банкінің жетекшісі Мердан Аннадурдыевке "банкомат жұмысына бақылауды босаңсытып жібергені" үшін сөгіс жариялаған.

Түркіменстанда мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы, зейнетақы, жәрдемақылар мен студенттер стипендиясы, сонымен бірге фермерлердің табысы банк карталарына аударылады. Банкоматтан қолма қол ақша алуға шектеу қойылған - Түркіменстан азаматтары банкоматтан 200 манаттан (57 доллар) артық ақша ала алмайды. Банкоматта ақша жылдам таусылып қалатындықтан, тұрғындар кейде түні бойы ұзын-сонар кезекте тұрады.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG