Accessibility links

Ресейде кедейлер саны 18,6 млн адамға жеткен


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресейде табысы кедейлік шегінен төмен тұрғындар саны тағы да көбейді. Бұл туралы мәліметті Росстат мекемесі 27 тамызда ресми сайтында жариялаған.

Мекеменің хабарлауынша, 2019 жылғы екінші тоқсанда Ресейде кедейлік шегінен (11185 рубль) төмен табысқа өмір сүріп жатқан тұрғындар саны 18,6 миллон адамды құраған. Бұл - Ресей тұрғындарының 12,7 пайызына тең. Өткен жылдың бірінші тоқсанында Ресейде мұндай адамдар саны 12,5 пайыз болған.

Росстат кедейлер санының көбеюін инфляцияның өсуімен (ресми көрсеткіш жылына 5 пайызды құрайды) түсіндіреді.

Осыдан екі күн бұрны Ресей президенті Владимир Путин ресейліктердің шынайы табысы "тым баяу" өсіп жатыр деп мәлімдеген. Бұған дейін кей экономистер тұрғындар арасында табысы көбеймегендер барын айтқан болатын.

Ресей халық шаруашылығы академиясының мәліметінше, қазіргі кезде тұрмысы өте кедей тұрғындардың үлесі 22 пайызды құрайды. Ал 5,6 пайызы ішер асқа жарымай отыр.

Росстат мекемесінің дерегінше, Ресейдегі жасы 18-ге толмаған балалардың 26 пайызы кедей отбасында өмір сүріп жатыр. Әдетте ауылды жерде тұратын және көп балалы отбасыларда осындай жағдай жиі ұшырасады. "Левада" орталығының биылғы мамырдағы дерегінше, ресейліктердің 65 пайызы "ешқандай" қаржы қоры жоқ екенін айтқан.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG